Жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде

2017-2018 жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, облыс орталығының біршама білім беру ұйымдарының алдына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды.
Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 58 мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер алдында 139 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 33 жерге жасанды тегіс еместік құрылғыларын орналастыру керектігі, 25 дана жол белгілері мен 17 жердегі жасанды тегіс еместік құрылғыларын қайта қалпына келтіру керектігі, 101 жердегі жаяу жүргіншілер өтпесі таңбаларына жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігі және 10 мектептің жанындағы жол белгілері тал бұталарынан көрінбей қалғандығы анықталды.
Осы ретте, білім беру ұйымдарының айналасында анықталған кемшіліктер жөнінде қалалық әкімдікке хабарлама-ұсыныс жолданып, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді.
Нұсқама талабы жауапты мекемелермен орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы Кодексінің 631-бабы бойынша оларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Дәл осындай жұмыстар барлық аудандық Ішкі істер бөлімдерінде жүргізілуде.


Е. Жаукеев,
Қызылорда ОІІД Әкімшілік
полиция басқармасы
 бастығының орынбасары.

ҚОҒАМ 23 тамыз 2017 г. 718 0