Жоспар бойынша бұл жұмыс алда да жалғасын табады.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаевтың мәлімдеуінше, жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарынан бері жер сұрап 11 2526 арыз түскен, оның 27667-і қанағаттандырылған (24,6%-ы).
«Бүгінгі күнге 84 952 өтінім заңдылықтарға сәйкес арнайы есепке қойылды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы кезекке қойылған 54 728 арыз облыс орталығына тиесілі болып отыр», – деді басқарма басшысы.
Ол айтып өткендей, биыл жалпы 300 мың гектарға топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Жерлердің, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін, сапасын анықтау және олардың өзгерісін бақылау бағытындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің топырақтың балл бонитетін анықтау, топырақ зерттеу және топырақ зерттеу құжаттамаларын жаңарту және жер мониторингі шаралары республикалық бюджет есебінен жүргізіліп отыр», – деді басқарма басшысы.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz