« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімдігінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске арналған тың психологиялық әдіс» атты семинар-тренинг өтті. Терроризмге қарсы облыстық комиссия және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға облыс, аудан әкімдіктеріне қарасты дін және жастар саласының қызметкерлері қатысты.
Қазіргі кездегі діни экстремизм лаңкестікпен қатар аталады. Лаңкестік мемлекеттік билік өкілдері мен қарапайым азаматтарды өлтіру, жарылыс, шабуыл, ұшақтарды айдап салу және тағы басқалардан тұрады. Бүгінгі күні бұрынғыдай діни экстремизм лаңкестікке өз мақсаттарына жету құралы ретінде жиі қаралады. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан көптеген фактілер дәлел болып отыр.
Семинарды жүргізуші республикалық ақпараттық-насихаттық топ эксперті Лола Шакимованың айтуынша, лаңкестік жасаушы ең бастысы өзінің іс-әрекетінің психологиялық эффектісіне және адамдардың эмоциясы мен инстинктеріне, ырымшылдығы мен жалған сеніміне сүйенеді дейді.
– Қазіргі замандағы діни экстремизм – бұл барша адамзат проблемасы. Ол қиын, әрі түсініксіз. Сондықтан бізге оған қарсы сала мамандарын психологиялық тұрғыдан дайындауымыз қажет. Бұл өз кезегінде жемісін беріп келеді, - дейді арнайы қызмет ардагері, психолог Лола Сергеевна.
Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осыған қатысты Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп, бағыт-бағдар берген болатын.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады. Ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремистік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту және олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару.
Мұндай жұмыстарға жоғары білімді, білікті дінтанушылармен қатар, психологтар, педагогтар, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тағы да тиімдірек жүзеге асыру қажет. Ал екінші жол бойынша «оқшауланған» идеологияға жақтасқандармен кешенді түрде тікелей жұмыс жүргізу, айла-тәсілдерін зерттей отырып оларды психологиялық тұрғыда қайта иландыру жолдарын іске асырған жөн.
Қорытындылай келе, отбасы, қоғам болып жұмылып, жастарымызға діни-рухани, патриоттық, дәстүрлі ұстанымдар мен сенімнің негізінде тәрбие беру арқылы оларды түрлі деструктивті әрі радикалды-экстремистік ықпалдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға болады. Дәстүрлі діни-мәдени құндылықтар мен отансүйгіштікке негізделген қоғам немесе халық қана өміршең келіп, өзінің жарқын болашағына қол жеткізеді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |