«Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында қамқорлық көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында партия филиалымен аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы шеңберінде «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы болып өтті.
Акция «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастау алды. Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, акцияның мақсаты отбасы жағдайына байланысты материалдық және рухани көмекті қажет ететін балаларға көмек көрсетумен мектеп оқушысының міндетті орта білімді алуына жағдай жасау болып табылатынын атап өтіп, жаңа оқу жылына табыс тілеп, балаларға болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді. Сөз алған аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылатындығын жеткізді. Қайырымдылық шарада 20 оқушыға мектеп формаларымен қажетті оқу құралдары халық қалаулыларымен Жалағаш кенті көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған «Сыр Жолдары» ЖШС-гі басшылығының демеушілігмен табыстылды. Сөз алған ата-ана М.Теңізбаева шара ұйымдастырып өткізіп отырған «Нұр Отан» партиясымен халық қалаулыларына аналық алғысын білдіріп, батасын берді.

Ахан Кенжебаев.
ҚОҒАМ 21 тамыз 2017 г. 808 0