«Нұрлы жолдың» әрбір жобасы партия бақылауында

Қызылорда облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жаңақорған ауданына қарасты М.Нәлібаев және Төменарық елді мекендерінде салынып жатқан 300 орындық мектептердің құрылыстарына бақылау жасады.
Бақылау тобы алдымен М.Нәлібаев елді мекенідегі 300 орындық №196 орта мектеп құрылысымен танысты.  Рейд барысында №196 орта мектеп директоры Талғат Есқабылов салынып жатқан құрылыс нысанына мемлекеттік бюжеттен 751 644 725, 44 млн теңге бөлінгенін және қазіргі уақытта құрылыс талапқа сай толық орындалғандығын айтты.
Рейд жұмыстары одан әрі Төменарық ауылдық округінде жалғасты. Мұнда жалпы сметалық құны 804529,0 мың теңгені құрайтын 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілді.Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталып жергілікті тұрғындар да қамтылды.
- Білім ошағы 12 жылдық білім беруге  сәйкестендіріліп, оқу-тәрбие үдерісіне қажетті оқу кабинеттерімен, зертханалармен жабдықталды. Мүмкіндігі шектеулі балғындар үшін кедергісіз орта қалыптастыру да назарға алынып, мектепке мүмкіндігі шектеулі балғындар үшін  арнайы лифт орнатылды.Балғындардың қыркүйек айында жаңа мектепте білім алуына барлық мүмкіндікті жасадық»,- дейді құрылыс нысанының бас мердігері «СПМ-Қызылорда» ЖШС-нің басшысы Темірхан Әлімқұлов.
2016-2017 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңірде 300 орындық 3 мектеп құрылысын жүргізуге мемелекеттік бюджеттен 1 697 811,0 млрд. теңге қарастырылған.  Оның екеуі осы Жаңақорған ауданына қарасты елді мекендерде. Қазіргі таңда қаржының 49,1% яғни, 833 905,0 млн. теңгесі толық иегеріліп, осы елді мекендердегі екі мектеп құрылыстары мерзімінде аяқталды. Құрылыс жұмыстарының барлығы талапқа сай. Балғындар жаңа оқу жылында жаңа мектепте білім алатын болады»,- деді  облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Қуаныш Жарекеев.
ҚОҒАМ 21 тамыз 2017 г. 791 0