«Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болуға бастар жол»

Шиелі аудандық сотының ұйымдастыруымен Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында «Рухани-жаңғыру–мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстелге» Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, аудандық сот судьялары мен қызметкерлері, сот, құқық қорғау саласының ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, медиаторлар, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, ақын-жазушылар, тарихшылар, прокуратура, заң кеңсесінің адвокаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан аудандық сот судьясы Әлия Түбекбаева: «Елбасы мақаласындағы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырту»,- деді. Сонымен қатар, қазақ елінің тарихындағы билердің төрелігіне тоқталды.
Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ауданда рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
«Дөңгелек үстел» шеңберінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Өркен Исмаил, аудандық тарихи-өлкетану мүзейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов баяндама жасады.
Баяндамашылар Елбасы мақаласы аясында пікірлерін айтып, ұлттық рух пен мәдени мұраның жаңғыруы туралы сөз етті.
Шара барысында ақын Әбіласан Жүсіп «Мәңгілік ел» тақырыбында өлең жолдарын оқып, медиатор Әбдішүкір Батырбаев Шиелі өңірінен шыққан билердің өмірі жайлы әңгімелеп берді.
Қатысушылардың назарына Шиелі аудандық сотының қызметі жайлы бейнеролик тамашалауға ұсынылды.
«Дөңгелек үстел» соңында қорытындысымен Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті ұсынымдар жасалды.
Сонымен қатар, шараға қатысушылар Шиелі аудандық сотының ғимаратында болып, соттың тыныс-тіршілігімен танысып, сот мұражайында қойылған аудандық соттың тарихынан сыр шертетін экспонаттар және құнды мәліметтермен танысты.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 21 тамыз 2017 г. 879 0