4 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда.
Жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 4 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 1  су шаруашылығы мекемесі басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 2 миллионға жуық айыппұл салынды.
Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасының 23.04.2014 жылғы «Ішкі істер органдары туралы» Заңына және 13.07.1999 жылғы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 18 тамыз 2017 г. 527 0