Ағымдағы жылдың 10 тамызында Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы – заң консульты капитан Н.К.Ильясовтың ұйымдастыруымен «Құқықтық патруль» атты акциясы өткізілді.
Департаменттің мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының аға көмекшісі әділет майоры А.Айтубаев, 5547 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің аға анықтаушысы майор М.Б.Батырбек, 66597 әскери бөлімінің заң қызметінің бастығы капитан А.Бейсембек, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2019 әскери бөлім басқармасының аға офицері әділет аға лейтенанты Н.Калиев, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлім командирінің құқықтық сұрақтар бойынша көмекшісі әділет лейтенанты А.Шалабаев және Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы қызметкер С.Шыныбекова қатысты.
«Құқықтық патруль» атты акциясының негізгі мақсаты: әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыру болып табылады.
Әскери қызметшілер атынан сержант А.Коңырбаевтың айтуынша, әскери қызметші ретінде, жұмыс барысына қажетті заңдық тұрғыдан мазалап жүрген 3-4 сұрағыма мардымды жауап алдым. Келешекте іс- тәжірбиемде пайдаланатын боламын. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, біліктілігімізбен біліміз арта түсетіні рас, – деді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған акцияның жалғасы 11 тамызды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінде, 16 тамызда 66597 әскери бөлімінде және 18 тамызында ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінде өткізіледі.