Қызылордалық полицейлер күшейтілген жүйеде жұмыс жасауда

Бүгін қала көлемінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық пысықтау шаралары жүргізілуде. Аталған шараға Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік, учаскелік полиция инспекторлары, жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері және басқа қызмет салаларының жеке құрамы тартылды.
Таңғы сағат 09.00-де жұмылдырылған күш-құралдарға арналған департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің қатысуымен нұсқау беру жиыны өтті.
Одан кейін барлық жеке құрам қылмыскерлерді ұстау, заңсыз қолданыстағы қару-жарақтар мен есірткі заттарын  анықтау, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, іс-әрекеті күдік тудырарлық азаматтар мен іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бағытында шараларды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, шара шеңберінде ішкі істер органдарында профилактикалық тіркеуде тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексерілуде. Бұған қоса, тәртіп сақшылары жоспарлы негізде атыс қаруы мен аңшы қаруының иелерін сақтау және қайта тіркеу ережелері бойынша тексеріп, жол қозғалысы талаптарын бұзған көлік иелерін анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Аталған профилактикалық шара дүйсенбі күнге дейін жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 15 тамыз 2017 г. 568 0