КЕНШІЛЕР ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Қызылорда қаласындағы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ 20 жылдығына және «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, «Байкен-U» ЖШС ардагерлер жүлдесіне арналған ¬волейболдан турнир өтуде.
Шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Байкен-U» ЖШС бас директорының кеңесшісі Ғайнулла Жарқынбаев пен осы мекеменің ардагерлер кеңесі төрағасы Генадий Ким жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, бұл турнирге «Қызылорда», «Ақмешіт», «Арай», «Сәулет», «Жібек жолы», «Белкөл жастары», «КБИ», «РУ-6», «Байкен-U», «ТТК Шиелі», «Жаңақорған» сынды оннан аса командалар қатысуда.

А.АҚЫЛБЕКОВ.
ҚОҒАМ 12 тамыз 2017 г. 464 0