Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Бұл қауіптің алдын алуға елімізде Елбасының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асырылуда және жемқорлықты біржолата жою мақсатында көптеген іс-шаралар қолға алынған.
Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздікте кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Осы әрекетердің орын алмауы, ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы жаңадан қабылданды. Осы заңға байланысты жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң нәтижесі болу керек, өйткені жерімізге, елімізге жаны ашитын, мемлекеттің болашағын ойлайтын арамызда азаматарымыз көп және олардың алға қойған мақсаты да жоғары.
Сондықтан, ел болашағы үшін баршамыз сыбайлас жемқор¬лық сипатындағы әрекеттерге жол бермейік.
Нұрғиса АЛМАТОВ,
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария»
бассейндік инспекциясының
бас маманы.