«МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

 Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты» Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады» деп атап өтіп, мемлекеттік органдарға нақтыланған міндеттерді жүктеген болатын.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағи¬датын жүзеге асыру бағытында азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің бірқатар баптарын белгіледі.
Аталған құқық бұзушылықтарға ұсақ бұзақылық жасау (оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді лас¬тау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару), алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болуына жол беру, тыныштықты бұзу, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою баптары енді.
Қызылорда облысы Арал ауданы бойынша 2017 жылдың 6 айында «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты қоғамдық орындар мен көшелерде ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен барлығы 352 дерек анықталса, (2016-312), оның 210-на 3 млн 369 465 теңге айыппұл салынған, 85-не қамау берілген, 33-і аудандық сотқа жолданған, 24-і тоқтатылған.
Қоғамдық орындарда мас болудың 292 дерегі анықталып (2016-281), оларға аудандық ішкі істер бөлімімен 2 миллион 746 мың 625 теңге айыппұл салынды.
Түн тыныштығын бұзудың 51 дерегі анықталып, (2016-34), олар¬ға 346023 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 179 дерегі анықталып (2016-34), оларға 781671 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 345 ата-анаға шара көрілсе (2016-107), оның ішінде кешкі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында бол¬ғаны үшін екі ойын-сауық мекемесіне сотпен шара көрілді.
Ит-мысықтарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғандары үшін 251 адамға әкімшілік шаралар көріліп (2016-157), 37 адамға 260935 теңге айыппұл салынды.
Белгіленбеген орында сауда жасағандары үшін 96 адамға (2016-91), елді мекендерді көріктендіру қағидаларын бұз¬ғандары үшін 482 (2016-301) адамға ескерту әкімшілік шаралары көрілді.
Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, аудан көле¬мінде «Таза аймақ», «Тазалық апталығы», «Ластаушы», профи¬лактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйым¬дастырылып, өткізілді.
Қазіргі таңда, бейнебақылау желісінің кеңеюі, тұрғын¬дардың қоғамдық орынды ластамауға сана-сезімдерін оятып отыр. Оған дәлел бейнебақылау камераларының айналасында көше ластау деректері азайды. Азаматтар бейнебақылау камерасы өздерінің артынан бақылап тұрғанын аңғарып, темекі қалдықтары мен қоқыс¬тарын арнайы жәшіктерге тастауға дағдалануда.
Аталған материал ҚР ІІМ-ге қарасты Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің веб-порталына орналастырылып, Қы¬зыл¬орда ОІІД атынан ашылған Facebook, VK, mail.ru, google.com әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Алдағы уақытта құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік бағыт¬тағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар өз жалғасын табуда.
Ә.АЙТУҒАНОВ,
Қызылорда облысы ІІД ЖПҚ
бастығының орынбасары,
полиция майоры.
ҚОҒАМ 12 тамыз 2017 г. 969 0