АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 45-тармағына сай Шиелі ауданында,  ал Жаңақорған ауданында 16 ауыл округі әкімдеріне сайлау өткізілді.
Шиелі ауданындағы сайлау өтетін 7 округ әкімдігіне14 кісі үміткер болып тіркелсе, аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беру қортындысымен 4 ауылдық округ әкімдері бұрынғы орындарына қайта сайланды. Ал Гигант, Жиделіарық, Жөлек ауылдық округтеріне 3 ауыл әкімі лауызымына жаңа адамдар таңдалды.
Жаңақорған ауданында ауыл басшылығына талас қызу жүргізілді. Мұнда сайлау өтуге тиіс 16 ауылдық округке үміткер ретінде 34 адам тіркелді. Алайда сайлау қортындысында 15 ауылдың басшылығына бұрынғы кадрлер қайта таңдалса, тек б3р ғана Өзгент ауылдық округке жаңа басшы сайланды.

Н. НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі, Жаңақорған аудандары.
ҚОҒАМ 10 тамыз 2017 г. 834 0