Сырдария ауданында мүмкіндігі шектеулі жастардың қатысуымен интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында жастар өз белсенділіктерін көрсетіп тоғызқұмақтан да жарысты.
Шара барысында «миға шабуыл» әдісімен қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты байланысты мақал-мәтелдер мен жұмбақтар ойнатылып, жеңімпаздар анықталды. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, олардың қоғамға бейімделуіне барынша атсалысып келеді.