«Алаштың анасы» атанған Сыр елінің әлеуметтік дамуына, экономикасының әртараптандыруына республиканың өзге аймақтарымен ғана емес, алыс және шетел мемлекеттерімен жақсы көлік қатынасы орнауының маңызы зор. Иә, көлік коммуникациясы халық шаруашылығының үлкен және маңызды саласы болып табылады. Осы ретте Қызылорда облысы елді мекендерінің басым бөлігі автомобиль және теміржол магистралі бойында орналасуының тиімділігі мол.
Олай болса, облыстың жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы туралы ақпаратты ұсынамыз. Жолаушылар көлігі саласы, оның ішінде автомобиль көлігі бойынша 2016 жылы 332,3 млн жолаушы тасымалданып, 2015 жылмен салыстырғанда 109 пайызға артты. Ал жолаушылар айналымы 5904,5 млн жолауш./шақырым болып, 2015 жылмен салыстырғанда 109 пайызды құрады.
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша 162,8 млн жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,7 пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 3025,3 млн жолауш./шақырым құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 108,4 пайызды құрайды.
Әуе көлігі саласы бойынша 2016 жылы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 38 тұрақты рейс орындалды. Оның ішінде, Астана қаласына – 16, Алматы қаласына – 16, Қарағанды және Өскемен қалаларына– 2 рейстен болды. 2016 жылы әуежайдан 91,7 мың жолаушы жөнелтіліп, 2015 жыл салыстырғанда 86,6 пайызды құрады.
Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 33 тұрақты рейс орындалуда. Оның ішінде, Астанаға– 14, Алматыға – 14, Қарағандыға – 1, Ақтауға-2 және Атырауға-2 рейс орнатылған.
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша әуежайдан 48,9 мың жолаушы жөнелтілді, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрайды.
Темір жол көлігі саласы бойынша, Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді. 2017 жылдың 1 шілдесі күні «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған .№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызының алғашқы құрамын шығарып салу салтанатты шарасы өтті. Пойыздың жүру бағытында облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) 26 аялдама қамтиды.
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленіп, 2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы барлығы 112 жаңа газмоторлы автобус алынып, қаланың орталық (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде. 2017 жылдың тамыз айында жаңа коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Автомобиль жолдары бойынша: облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2338,8 км құрайды, оның 472,24 км облыстық маңызы бар, ал 1866,6 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2016 жылы облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендер көшелеріне қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу мен жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге республикалық бюджеттен 6,3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 4,7 млрд теңге, аудандық бюджеттерден 821,5 млн теңге – барлығы 11,056 млрд теңге бөлініп, 311,35 км автомобиль жолдары мен көшелер жөндеуден өткізілді.
Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық техникалық жағдайының индикаторлық көрсеткішін 62,5 пайызға орындадық.
Ал, 2017 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 50 жобаны жүзеге асыруға 8,9 млрд теңге бөлініп, 151,1 км автомобиль жолдары, қала, кент және елді мекендер көшелері, автомобиль жолдарының бойындағы көпірлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- құрылыс, қайта жаңарту – 33,8 шақырым;
- күрделі және орташа жөндеу – 117,3 шақырым;
- 5 көпір салу, 2-н қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтатын жайт, биылғы жылы Қазалы ау¬данының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзені арқылы көпір өткелінің құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 500 млн теңге көлемінде қаражат алуға қол жеткізілді. Бұл аудан халқының, оның ішінде Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан Жалпақ, Түктібаев, Майдакөл және Бекарыстан би ауылдарымен қоса көршілес Арал ауданының Қызылжар, Қосжар, Жетес би, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қаратерең, Бөген округтеріне қарасты ауылдардың тұрғындары мен балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлер (7 мың тұрғын) пайдалануда. Осы тұста айта кететіні, Қазалы ауданына Қаратерең, Қызылжар жолаушылар автобустары осы Әлсейт учаскесі арқылы өтуде.
Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жұмыстары басталды. Өткен жылы сол жағалаудағы 401 га жерге көше-жол желілерін салу және жайластыруға техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Онда жалпы ұзындығы 137 км көше-жол желілері, 4 жол айрықтары (развязка) мен Шіркейлі каналына көпір салынатын болады.
Биылғы жылы жаңа көпірден бастау алып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне қосылатын ұзындығы 5 км құрайтын магистральды көше құрылысы басталады. Сонымен қатар «Шіркейлі» каналына салынатын көпірдің және Сырдария өзенінің бойымен салынатын ұзындығы 7,7 км құрайтын магистральды көше құрылысының жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алын¬ды.
Осы орайда, жолаушылар көлігі және автомобиль жол¬дары салаларында қызмет атқарып жүрген әріптестерді - «Көлік қызметкерлер күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Көлік саласы қашанда эко¬номиканы алға жыл¬жытушы күші, әрі экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде Сыр өңірінде жо¬лаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қарқынды дамуда. Осы ауқымы үлкен саланы алға жылжытуда қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың көлік инфрақұрылым деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрсіздер.
Қадірменді көлік қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шынайы құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбастарыңызға ынтымақ пен бірлік, қызметтеріңізге абы¬рой мен табыс тілеймін. Ме¬рекелеріңіз құтты болсын!
Ержан ӘБДІҚАЛЫҚОВ,
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.