ӘСЕР ЕРЕКШЕ

Шілде айының соңына таман Астана қаласындағы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайттық. Партия мүшелері және отбасымызбен барған сапарымыз өте сәтті болды. Әлем халқы арасында «Болашақ энергиясы» деген атауға ие болған көрмеден алған әсеріміз керемет! Дәл осындай ауқымды шараның біздің елімізде өтіп жатқаны үлкен қуаныш.«ЭКСПО-2017» көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, оны үнемдеу мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделгендігін көрмені аралай жүріп, қызыға бақыладық.
Дүниежүзілік көрмеге көптеген ел мен халықаралық ұйымдар баламалы энергетика мен «жасыл» технологиядағы өз жетістіктерін алып келгендігі бізді көптеген жайттардан хабардар етіп, еліміздің осындау ауқымды шараға батыл кіріскендігі мен даналыққа деген құштарлығы ел азаматтарының деңгейін биіктете түседі деп ойладым. Бізге  көрме аумағында ауқымды жерді алып жатқан елдердің павильонынан бөлек, тақырыптық залдар және көрменің басты нысаны болып табылатын «Нұр Әлем» кешені көркіменен ерекше орын алды. Сондай-ақ алып ғимаратқа шет елден және еліміздің түкпір-түкпірінен келушілер негізгі энергия түрлері, «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясы, ұлттық павильоны, оның бірінші бөлігінде Қазақстанның тарихы және мәдениеті мен осы күнгі тынысы және болашаққа құрған жоспарларымен таныса алады. Ал «Жасампаз қуат» аймағында көрме тақырыбы аясында отандық ғалымдардың үздік жобалары да есімде қалған көрініс болып қалды.«Мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы» дегендей, ел болып көрмені тамашалауға жерлестерімді шақырамын.

Патима МАХАНБЕТ,
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық  
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 600 0