Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.
Аталған акция қағидаларына сәйкес, атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді.
Өткізіліп жатқан іс-шара барысында азаматтардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды өткізу жайлы 160 арыз тіркеліп, 307 дана атыс қаруы, оның ішінде 22 дана иір ойықты болса, 285 данасы тегіс ұңғылы атыс қарулары қабылданды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға азаматтар өз үлестерін қосады деген сенім білдіреді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі