Бүгінгі күні кәсіпкерліктің аясын кеңейту мақсатында тиімді іс-шаралар жүргізілуде. Осы бағытта үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде тілшілермен кездесті.
Департамент басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту аясында облыста тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындар мен сауда орталықтарында, базарларда биыл 23 іріктеу және жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Оның 20-да заң бұзушылық анықталған. Басым көпші¬лігі метрологиялық қателіктер. Яғни, өлшеу құрал¬дарының өлшем дәлдігіне сәйкес келмеуіндегі кемшілік.
Бүгінде департамент мамандарымен облыс кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін енгізу, өнімдерді каталогтау, Кедендік одақ аясындағы техникалық реттеу келісімдері сынды жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, Қызылорда облысы бойынша 449 мекеме мен кәсіпорын ИСО 9001 халықаралық стандарттар сапа менеджментінің жүйесін серти¬фикаттаған. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 90 түрлі өнім катологтау жүйесіне енгізілді.
Департамент басшысы, жөнсіз бақылаудың қысқартылғанын айтты. Және тұрақты түрде, талқылауға келіп түскен техникалық және нормативтік құжаттар талқыланып, тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Мәселен, биыл нормативтік құжаттарға осындай 6 ұсыныс уәкілетті органдарға жолданған.
Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен Кеден одағы аясында қабылданып, күшіне енген 35 техникалық регламент талаптарының сақталуын анықтайтын облыс көлеміндегі сынақ базаларына талдау жасалды. Оның нәтижесінде, аймақта аккредитациядан өткен, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп тұрған 14 сынақ орталығы мен зертхананың және 11 метрологиялық зертхананың, 1 сәйкестікті растау органының жұмыстары зерделенген.
Н.САҒАТҰЛЫ.