БӨГЕТТЕРДІ БЕКІТУ ЖОБАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Биылғы жылы облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен қолайсыз 127 елді мекенге көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Күзгі залалсыздандыру жұмыстарын бастау тамыз айының соңына ¬жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында кенелерді азайту бойынша ғылыми институттармен жұмыс жасалынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов баяндады.
Жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша облыста 800-ге жуық адам кене шағу фактісімен тіркелген. Ағым¬дағы жылы республиканың 7 облысында су тасқыны орын алуына байланысты «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы бекітілді. Аталған жол картасына облыс бойынша 19,3 млрд теңгені құрайтын 155 жоба енгізіліп отыр. Осы ретте, жол картасы аясында қаланың сол жағалауын бекіту, Сырдария өзені арнасын жерснарядпен тазалау, таудан аққан қарғын судан қорғану мақсатында Жаңақорған ауданындағы Ақүйік өзені мен Жігерлім каналының қорғаныс бөгеттерін бекіту жобаларын іске асыру қолға алынатындығы айтылды.
Сонымен қатар, 34 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген. Оның ішінде 18 табиғи сипаттағы төтенше жағдай, яғни адамдардың суға кету жағдайлары болып отыр.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде күмән келтірген 263 топ пен қолданушылар анықталып, нәтижесінде дін істері жөніндегі уәкілетті органның шешімімен 38 топқа ҚР қызметтеріне тыйым салынған теріс қорытынды берілген.
Ал көктемгі мерзімді әскери қызметке шақы¬ру жұмыстары облыс әкімдігінің 2017 жыл¬ғы 17 наурыздағы №741 қаулысына сәйкес ұйым¬дастырылуда. Жүргізілген жұмыстардың нәти¬жесі бойынша ҚР ҚК мен басқа да әскери құрылымдарына Қызылорда облысынан 830 азамат жолданып, мемлекеттік тапсырыс 99,6 пайызға орындалған. Бұл, облысқа биылғы жылға берілген жалпы тапсырыстың 50 пайызын құрап отыр.
Мәселен, талаптарға сәйкес келетін аудандық әскерге шақыру пункттері тек Сырдария мен Жанақорған аудандарында болса, енді олардың қатарына Қармақшы ауданының шақыру пункті қосылды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
ҚОҒАМ 03 тамыз 2017 г. 633 0