«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктіріп жатыр.
Енді төрт бағдарламаның орнын: «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» – «Баспана» атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басатын болады. Бұл бағдарлама икемдірек және бұрынғыдай жинақтың нақты бір қатаң мерзімін қарастырмайды. Яғни ендігі жерде банк салымшысы қанша жыл ақша жинайтынын және тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өзі шешетін болады. Кредит беру мерзімін және пайыздық мөлшерлемені анықтайтын негізгі критерий бағалау көрсеткіші болып табылады. Бұл өз кезегінде қаржы тәртібінің коэффициенті. Жарналар қаншалықты тұрақты және толығырақ өндірілсе, соншалықты клиенттің бағалау көрсеткіші жоғары болады. Алайда салымшылар банктің ең төменгі талаптарын, яғни: жинақтың үш жылдық мерзімін және бағалау көрсеткішінің 16 мәніне дейінгі жетістігін сақтаулары қажет. Мұндай жағдайда, банк клиенті тұрғын үй заемына жылдық 5% мөлшерлеме бойынша үміттене алады. Содан соң ол 4 жыл ақша жинақтаса, бағалау көрсеткіші 20-ға дейін арта түседі, ал заем бойынша пайыздық мөлшерлеме 4,8%-ға дейін төмендейді. Осылайша жинақ мерзімінің артуымен қатар бағалау көрсеткіші де артады және заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі сәйкесінше төмендейді. Заем бойынша ең төменгі мөлшерлеме – жылдық 3,5%. Түбегейлі ештеңе өзгермейді. Бұл жаңа тәртіп банк өнімдерін оңтайландыруға, оны барынша қарапайым және қолжетімді етуге бағытталған. Сондай-ақ «Баспана» бағдарламасы постдепозиттік операцияларды да біраз қысқартады. Сонымен қатар 2017 жылдың 1 тамызына дейін ашылған барлық депозиттерге тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін банкпен қызмет көрсетіледі. «Баспана» жаңа тарифтік бағдарламасы – салымды төменгі сома 500 АЕК-пен (1 134 500 тенге) ашуға, шарттық соманы арттыруға, депозиттерді біріктіруге, отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының арасында шегіну жасауға мүмкіндік береді.
www.24.kz