« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
26 шілдеде Корей Республикасының бас консулы Чжон Сынг-Мин, консул Ли Менг Дже және бас консулдың көмекшісі Чан Пен Хва Қармақшы ауданында болды.
Іс-сапар барысында Корей Республикасының консулдары Қармақшы ауданының III Интернационал ауылына барып, ауылдың тыныс-тіршілігінен ақпар алды. Сондай-ақ ауылда тұратын корей өкілдерімен кездесті.
Олар ең бірінші Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысты. III Интернационал ауылдық округіндегі «Бади Нұр» балабақшасын аралап, ондағы тәрбиеленуші әртүрлі этнос өкілі балаларының өнерін тамашалады. Сонымен қатар, Цай Ден Хак ескерткішіне гүл шоғын қойып, этнос өкілдерінің көрмесін тамашалады. Ауылдық клуб үйінде корей этнос өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |