МҰРАҒАТҚА ЖЕКЕ ҚҰЖАТ ТА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Еліміздегі ұлттық  мұрағат  қоры  құжаттарының мемлекеттік  есебін жүргізу, сақталуының өзіндік тәртібі бар. Оны қамтамасыз ету бағытында  жылма-жыл жоспарлы  жұмыстар жүргізілуі тиіс. Өйткені, оның қажеттілігі ерекше. Осы орайда Жаңақорған аудандық мұрағат мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыттары  мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне зер салып көріп едік, мәліметтер былайша «сөйледі»: Есепті мерзім ішінде қор сақтау қоймасынан заңды және жеке тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және басқа түрдегі сұраныстарды  орындау мақсатында  3425 құжат беріліп қайта орнына қойылды. Сонымен қатар, жаңадан қабылданған 926 құжат қоймаға қабылданып, топографиялық көрсеткіштер қайта толықтырылыпты. 
– Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын» басшылыққа алып мекемедегі сараптама комиссиясын құру мен ведомстволық мұрағаттың жұмысын жүргізу керектігі жайлы  25 мекеменің іс жүргізушілері мен мұрағат мамандарына мұрағатта кеңес берілсе, 16 мекеменің мамандарына мекеменің өзінде іс жүргізу жайлы әдістемелік көмек бере отырып,  нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілді, - дейді өз сөзінде аудандық мұрағат директоры З.Абжалелова.
Сол секілді қабылданған құжаттар қозғалысы бойынша айтар болсақ, 2012 жылдың  осы мерзімінде 717 басқару құжаты қабылданған болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 570-ке жеткізіліп, тиянақты орындалыпты. Жеке құрам бойынша құжаттар қабылдау өткен жылдың есепті уақытымен салыстырғанда 113 пайызға артса, мемлекеттік сақтауға қабылданған  құжаттың барлығы   926 сақтау бірлігін құрады.
Мұрағат жұмысының ашықтығы жұртшылықтың өз сұраныстарына өз уақытында сауатты жауап алуына негіз болатындығы анық. Осы мақсатта «Мұрағаттық анықтамалар беру–мемлекеттік қызметтің бір бағытын іске асыру» тақырыбында екі рет семинар-сабақ өткізілсе, бір рет «Мемлекеттік қызметте – сыбайласқа жол жоқ» тақырыбына аудандық прокуратура, әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен тағы да  кеңес өткізілді. Сол секілді облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен аудан әкіміне қарасты бөлімдердің, кент, ауыл әкімдерінің қатысуымен семинар өткізіліп, барлығы әдістемелік көмек көрсету барысында  өткізілген 5 семинардың да пайдалы болғандығын айтқан жөн болар. 
Мекеме басшысының белсенді әрекеті және қызметкерлердің жауапкершілікті жете түсініп, жұмыс жүргізуі – тұрғындарға  қолайлы қызмет көрсетудің жолы. Мұрағатта замана талабына сай, электронды  құжат  айналымын калыптастыру барысында да жүйелі жұмыс жүргізіліп келе жатқандығы  көптеген жұмысты жеңілдететіндігі түсінікті. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған ауданы
ҚОҒАМ 18 қаңтар 2014 г. 1 043 0