АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласы. «Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 60, жуа – 50, сәбіз – 70, қызылша – 120, қырыққабат 55 теңгеден сатылуда. 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының мөлтек аудандарында ашылған «Изобилие» әлеуметтік сауда дүкендерінде сиыр еті – 845, тауық еті – 399, қарақұмық жармасы – 93, қант – 120, картоп – 60, өсімдік майы 250 теңгеден сатылып жатыр.
Арал ауданы. «Жеміс-Жидек» дүкенінде картоп – 60, жуа– 50, сәбіз – 90-100, қырыққабат 70-80 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, ЖК «Т.Исмайлова» дүкенінде қант– 144, өсімдік майы 220 теңгеден саудалануда. «Береке» базарында  І сортты бидай ұны 54 теңгеден сатылса, «Саянов» дүкенінде еттің бағасы 1000 теңге.
Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 25 теңгеден, картоп – 85, жуа – 60, қырыққабат – 60-70, сәбіз – 80, өсімдік  майы 240-250 теңгеден сатылуда. 
Қармақшы ауданы.  «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде  картоп – 80, сәбіз – 70, жуа – 50, қырыққабат 50 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Бекмұрзаева», «Маржан» дүкендерінде І сортты бидай ұны 54 теңгеден сатылуда.
Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен  І сортты бидай ұны – 53, жұмыртқаны – 23, ал тауық етін – 450 теңгеге, өсімдік майын – 240, жуаны – 50, сәбізді – 85, қырыққабатты 60 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылып жатыр.
Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 70, сәбіз – 80, қырыққабат – 60, жуа – 40 , қант 140 теңге. «Коммуналдық» базарында  тауық еті – 425, жұмыртқа 17 теңгеден сатылуда.  
Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», «Мақсат» базарларында картопты – 65-70, жуаны – 65-70, сәбізді – 70-75, қырыққабатты – 50-60, жұмыртқаның 10 данасын – 240, тауық етін 400-450 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар,  І сортты бидай ұны –  53-64 теңгеден сатылып жатыр.
Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Нұржан» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 75-80, жуа – 45-50, қырыққабат – 50-55, сәбіз – 60-65,  жұмыртқа –21-22, І сортты бидай ұны – 56-68, тауық еті – 340-380  теңгеден сатылса, «Нұр» базарында ет бағасы – 1050 теңге. 

ҚОҒАМ 14 қаңтар 2014 г. 962 0