– Жуырда қызметіне кіріскен орталық негізінен кәсіпкерлерге «бір терезе қағидатымен» рұқсат құжаттарын алуға кеңес береді және көмек көрсетеді. Бастысы – көрсетілетін қызметтің барлығы тегін. Нақтылай түссем, рұқсат құжаттарын алу бойынша көрсетілетін қызмет түрлері 3 блоктан тұрады. Олар – инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттар алып беру, архитектура және құрылыс салалары, жер мәселелері бойынша рұқсат құжаттарын алуға көмектесу.
– Демек, құжаттардың дайындалу уақыты қысқара ма?
– Әрине. Мәселен, негізгі жұмыс бағыттарымыздың бірі – кәсіпкерлерге инженерлік коммуникацияларға қосылуға монополист кәсіпорындардан техникалық шарттар алуға көмектесу. Бұл үшін қазіргі таңда Табиғи монополия кәсіпорындары мен Орталық арасында өзара ынтымақтастық жағдайында жұмыс жасау жөнінде меморандумдар жасалды. Олардан техникалық шарттарды 5 күн мерзім ішінде алуға келісім алынды.
Енді осы қызмет түрін алу тәртібіне толық тоқталып өтейін. Кәсіпкер орталыққа келгенде мамандардан кеңес алады, орталық көмегін қажет еткен жағдайда сұралып отырған қызмет түріне қатысты қажетті құжаттар тізімін ұсынады. Сонымен бірге орталық кәсіпкер атынан жұмыс жасайтындықтан сенім хат және орталық басшысының атына өтініш берілетіндігі ескертіледі. Кәсіпкер тарапынан толық пакет құжаттары берілгеннен кейін орталық маманы өзіне берілген сенім хат негізінде барлық құжаттарды рұқсат құжаттарын беруші кәсіпорынға тапсырады. Меморандумда көрсетілген 5 күн мерзім ішінде орталық маманы техникалық шартты алып кәсіпкерге береді. Кәсіпкер осы уақытта бұл жұмыстарға алаң болмай өз кәсібімен айналыса береді.
– Айжан Сейдуллақызы, техникалық шарттарды электрондық форматта алу мәселесі көтеріліп жатқанынан хабардармыз. Ол жайында не айтасыз?
– Техникалық шарттарды алуды электронды форматқа көшіру үшін барлық монополистер үшін бірегей әмбебап модуль әзірленеді және бұл модульды жасау барысында әр кәсіпорынның өз жұмыс ерекшеліктері ескеріледі. Техникалық шарттарды беруді электрондық форматқа көшіру жұмыстары монополистер тарапынан қаржы бөлуді талап етпейді. Тек компьютер, интернет жүйесі және жауапты маманды бекіту қажет.
– Мұның тиімділігін қалай бағалар едіңіз?
– Техникалық шартты электронды форматта алса, біріншіден, әкімшілік кедергілер азаяды. Екіншіден, техникалық шарт алудың мерзімі қысқарады және шығын азаяды. Үшіншіден, электронды картаны пайдалана отырып монополистер нақты мәліметтерді алады, барлық инженерлік коммуникациялардың орналасуы жөнінде ақпаратты тікелей көре алады. Төртіншіден, клиент пен мекемелер мамандарының арасында тікелей қатынас болмайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмейді. Сондай-ақ, ҚР электронды Үкімет жұмыс форматына ЭЦП қолдана отырып көшу жүзеге асырылады. Осымен – бес. Техникалық шартты электронды форматта алу осы жылдың екінші жартысында облыстың барлық аудандарында жүргізілетін болады. Сонан соң басқа мемлекеттік органдармен рұқсат құжаттарын электронды түрде алу жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асады.
<!--
[if gte mso 9]>
Normal
0
false
false
false
RU
X-NONE
X-NONE
MicrosoftInternetExplorer4
<!--
[if gte mso 9]>
<!--
[if gte mso 10]>
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:"Обычная таблица";
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-qformat:yes;
mso-style-parent:"";
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin:0cm;
mso-para-margin-bottom:.0001pt;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:"Calibri","sans-serif";
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-fareast-font-family:"Times New Roman";
mso-fareast-theme-font:minor-fareast;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-bidi-font-family:"Times New Roman";
mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}