9 қазанда Қызылорда
облысы Арал ауданы Қамбаш көлінде желкен спортынан «Аралдың
қайта дамуы» атты ІІ республикалық турнир жалауын көтерді.
Соңғы жылдардың
бедерінде бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамуда. Бұған дейін, желкенді спорт
сайыстары Қапшағай бөгенінде, Балқаш көлінде, Каспий теңізінде өткізілсе, енді
олардың қатарына Арал теңізінің аумағы да қосылып отыр.
Жарысқа Астана
қаласы, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан облыстарынан 4 команда,
барлығы 40 спортшы қатысуда. Облыстық дене шынықтыру және спорт баскармасының
басшысы Садық Мұстафаев сөз сөйлеп, турнирдін маңыздылығына тоқталды. Алдағы уақытта
Сыр өңірінде желкен спортынан бөлімше ашу жоспарда бар екенін жеткізді. Сондай-ақ
келесі турнирлерде қатысушылар құрамының көбейетінін атап айтты.
Айта кетейік, турнир
12 қазанға дейін жалғасады. Аталмыш турнирде ересектер арасында «Луч»,
«Шағын-Луч» және ұлдар мен қыздар арасында «Оптимист» бағдарламасы бойынша
жеңімпаздар анықталады.