Жалағашта ардагерлер спартакиадасы өтті (фото)

Жалағаш ауданының Орталық стадионында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру аясында аудандық ашық ІҮ-ші Ардагерлер спартакиадасы өткізілді. Шараға  аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қатысып, ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Спортқа жаны құмар, ширақ қимылды ардагерлеріміздің шеберлігін көріп, тәнті болдық. Біздің ардагерлеріміз спорт – денсаулық негізі екендігін тағы да бір дәлелдеп берді, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімі

Бұл дүбірлі доданы өткізудегі басты мақсат – аудан ардагерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ардагерлер спортының дамуына ықпал жасау.
Шараға 14 командадан 128 спортшы қатысты. Сайыс спорттың арқан тарту, қол күресі, 2000 метрге жүгіру , дартс түрлері бойынша өтікзілді.
Байрақты бәсекеде өз шеберліктерімен көзге түскен, аламанда оза шапқан жарыс жеңімпаздары марапатталып, жеңімпаздарымыз мақтау қағаздарымен қаржылай сыйлыққа ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық 1 орынды Ақсу ауылы, 2 орынды Қаракеткен ауылы, 3 орынды Мырзабай ахун ауылы ардагерлері иеленді. Жарыс қорытындысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев жеңімпаздарды құттықтап, жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен қаржылай сыйлықтар табыстады.