Бауыржан Жауынтаев - чемпион! (фото)

16-28  тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында ІІ жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтуде. Аталмыш дүбірлі додада жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев 55 келіде дзюдодан жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Жарыс барысында ол қарсыласы түркиялық спортшыны ұтып, финалға шықты. Ал финалда әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді жеңіп, Қазақстанға алғашқы алтынды алып берді. Бауыржан осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Б.Жауынтаев 1997 жылы 14 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап дзюдо күресімен айналысып келеді.
Бауыржан 2012 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері, бірнеше мәрте Еуропа кубогының чемпионы атанса, Қытайдың Тайпей қаласында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, ҚР спорт шеберлігі нормативін орындаған болатын.
Былтырғы жылы Американың Майами қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Ол Қызылорда облысындағы Ж.Баһадүр атында спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатты бітірген. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжде 2-курста оқиды.  
Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 18 тамыз 2014 г. 1 978 0