Сырбойылық егіз механик туған жердің түлеуіне үлес қосуда (видео)

Туған жерді, ауылымызды өркендеткіміз келеді. Қызылордалық егіз бауырлар Азат пен Асхаттың асқақ арманы осы. Олар ауыл шаруашылығы мамандығын меңгеріп, әскери борышын өтегеннен кейін кіндік қандары тамған Бұқарбай батыр ауылына оралған. 
«Еңбекқор жастар» ақпараттық кампаниясы аясында жас механиктердің берекелі тірлік атқарды. Әке көрген оқ жонар. Азат пен Асхат үшін техника тілін меңгеру қиынға соққан жоқ. Өйткені олардың әкесі де осы шаруашылықта механик. Болат Сейтжанов егіз ұлын жанына ертіп жүріп, еңбекпен шыңдауды дұрыс деп шешіпті.
 Азат Қожамұратов, Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны:
 - Осы жерде комбайнның жан-жағын көріп, бұзылған жері болса әкеме айтып, оны істетіп, комбайнның іші-сыртына қарап, суын-майын тексеріп, күрішке түсіруге дайындауым керекпін.  Азат пен Асхат индустриалды-аграрлық колледж түлектері. Олар дипломдарын қолға алған бойда әскер қатарына алынады. Тепсе темір үзер жігіттерге әскери қызмет те ұсынылған екен. Бірақ егіз бауыр өмірлік ұстанымдарынан айныған жоқ.
 
Азат Қожамұратов, Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны: 
 - Келесі жылдары маман тапшы болып қалады енді. Мамандар көп кездесе бермейді. Соған байланысты осы кезде ауылда шамалы үйреніп алайын деп жатырмын. Ауыл шаруашылығы мамандықтарын үйреніп жатқан жоқ ешқайсысы. Мысалы менің мамандығым тракторист-машинист мамандығы.  Туатай Әлиев, шаруа қожалық төрағасы: - Мысалы мына Сейтжанов Болаттың өзінде бір басында 2 техника бар. Біреуі ХТЗ, көктемде сонымен жер айдайды, күзде комбайн айдайды. Сондай механизатор керек ауылға. Механизатор болмаса техниканың бәрі жүрмейді ғой қазір. Мақсаты айқын жастар жақсы өмірді ауылда да сүруге болатынын айтады. Ол үшін еңбекті сүю керек. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Дереккөз: 24.kz
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 27 қыркүйек 2019 г. 1 215 0