Арыстағы жарылыс туралы фильм шықты

Әлеуметтік желілерде Арыстағы жарылыстың бірінші сын сағаттары туралы фильм шықты. Фильм сюжеті Арыс қаласындағы әскери қоймаларда болған жарылыстың салдарынан халықтың бастан кешкен қиын сәттерін бейнелейді. 
Бейнематериалда үйін тастап кетуге мәжбүр болған қала тұрғындарының қайғысы мен қиын жағдайы көрсетілген. Ал өрт сөндірушілер апат орнында өртті қалай ауыздықтағанын, туған-туыстарын іздеп жанұшырғанын айтады.
Қазір Арыстағы апаттың болғанына бір айдан асты. Бұл оқиға дүйім жұртты біріктіріп, ел бірлігінің бекем екенін аңғартты.





СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 26 шілде 2019 г. 658 0