Сырмедиалықтар Абай өлеңдерін оқыды

Хакім Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Ақтөбе облыстық "Ақтөбе" газетінің ұжымынан қабыл алған Қызылорда облыстық "Сыр Медиа" ЖШС ұжымы ақын шығармашылығынан үзінділер оқыды. Олардың қатарында облыстық "Сыр бойы" газетінің аға тілшісі, ақын Ғазиза Әбілда, облыстық "Кызылординские вести" газетінің тілшісі Кирилл Денисов және "Кызылорда ньюс" ақпараттық агенттігінің тілшісі Фариза Омарова бар. 
Сырбойылық қаламгерлер өз кезегінде жыр эстафетасын "Оңтүстік Қазақстан", Жамбыл облыстық "Ақжол" басылымдары мен "Маңғыстау Медиа" серіктестігіндегі әріптестеріне жолдады.








СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 23 шілде 2019 г. 1 271 0