« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2019-шы жылмен құттықтады деп хабарлайды Nur.kz.
Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2019 жылға қадам басамыз. Жаңа жыл - көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алатын жарқын мейрамның бірі. Тарих қойнауына енгелі тұрған 2018-ші жыл егеменді еліміз үшін берекелі, әрі мерекелі жыл болды деп айтуға болады.
Биыл тәуелсіздік символына айналған Ақ Ордамыз Астанының 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Бас қаламызды ұлықтауға барлық өңірлер жұмыла атсалысып, Астананың әр түкпірінде әр облыстың белгісі тұр. Сол үшін барлық өңірлерге, әкімдерге,жұртшылыққа шын жүрегіммен рахметімді айтамын.
Жыл басында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындадық. Бес әлеуметтік бастаманы жариялап, халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыруды маңызды міндет ретінде белгіледік.
Күллі түркі жұрты қастерлейтін Түркістан қаласы қайтадан түлеп, облыс орталығы мәртебесін алды. Шымкент республикалық маңызы бар қала атанды.
Біз халықаралық саясатта да және экономикада маңызы зор шараларды жүзеге асырдық. Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі екі жылдық қызметін биыл абыроймен аяқтап келеді. Дүниежүзінің алып елдері бас қосатын осы беделді органға қаңтар айында төрағалық еттік. Сапар барысында АҚШ президентімен кездесіп, маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік.
Әлемнің әр түкпірінен келген дін қосбасшылары Астанада жиналып, "өркениеттер диалогына" үн қосты.
Өздеріңіз білесіздер Ақтауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бекіткен тарихи құжат қабылданды.
Астана халықтаралық қаржы орталығын жаһан жұртына таныстырып, тың бастамаларды қолға алдық. Орталық Азияның бес президенті Елордамызда бас қосып, көршілік қатынастарды жандандырдық.
Тәуелсіз Қазақстанның нышаны саналатын төл теңгеміздің 25 жылдығын атап өттік. Ұлы даладағы ежелгі көшпенділер өркениетінің жаһандық маңызын қайта жандандырдық.
Осы айтулы мерекелер мен ауқымды шаралар елдігімізді танытып, бірлігімізді бекемдей түсті. Бұл жетістіктерге өздеріңізбен бірге жеттік. Игі бастамаларды бірге жүзеге асырдық. Сол үшін халқыма үлкен рақметімді айтамын!
Ардақты ағайын!
Жаңа жылды әр барлық адам үлкен үмітпен, ізгі ниетпен, ақниетпен қарсы алады. Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын! Табалдырықтан аттағалы тұрған 2019 жыл әр отбасыға молшылық пен жақсылық әкелсін!
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |