Жаңа жыл қарсаңында қытымыр қысқа қарамастан қалада ерекше аура қалыптасқан. Биыл да орталық алаңда биіктігі 23 метрлік шырша, ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі светодиотты безендірулер аязды кештің өзін ажарландырып жіберді. Тіпті Желтоқсан көшесіндегі жапырақсыз ағаштардың өзі жалт-жұлт етіп, қар секілді жарықшамдар көз сүйсіндіреді.