"Көңіл кәусары" жыр эстафетасы басталды

Құрметті оқырман!

Біздің ұжым бүгін өлеңсүйер қауым арасында «Көңіл кәусары» атты жыр эстафетасын бастағалы отыр. Оның алғашқы қатысушысы ретінде әріптесіміз, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Ғазиза Әбілда өлеңін оқыды.
Әдеби мазмұндағы мұндай шараны бұған дейін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған еді. Біз сол ізгі жолды жалғастырғымыз келді. Эстафетаға қатысу оңай. Өзіңізге жолданған жыр таяқшасын қабыл алып, көңіліңіз қалаған өлеңді оқып, видеоны фейсбуктегі парақшаңызға жарияласаңыз болғаны. Жариялағаннан кейін жазбаны #көңілкәусары, #сырбойы, #жырэстафетасы деген хэштегтермен белгілеп, оны келесі бір досыңызға жолдайсыз.
«Сыр бойы» газетінің ұжымы қолға алған бастама жыл соңына дейін жалғасады. Сіз де қалыс қалмаңыз, қадірлі оқырман!


​​​
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 16 қараша 2018 г. 1 601 0