ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Наурыздың 21-і күні Қызылорда қаласындағы орталық алаңда Наурыз мерекесінің негізгі шаралары өткізіліп, оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  Орталық алаңға тігілген 30 қара үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды.
Сыр жұртшылығы жетi түрлi дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татты. Төс қағыстырып, амандық сұрасты. Сәлемдесу, дүниеге келген балаға ат қою, шілдехена рәсімдері өткізілді. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев пен Қазақстанның Еңбек ері А.Ералиев кішкентай ұл мен қыздың тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің алғаш басқан қадамдарына сәттілік тіледі. Мереке аясында арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, асық ату және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорттық ойындардан сайыс өткізілді. 

 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

«Наурыз тал» дәстүрі жаңғыртылды
 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Қызылорда қаласында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» атты акция өткізілді. Негізгі мақсат – ата-бабамыздан қалған «Наурыз тал» дәстүрін қайта жаңғырту. Наурыз мерекесі қарсаңында ардагерлер мен ақжаулықты аналар ақ батасын арнады. 

Ұлттық ойындар ұлықталды
 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Арал жұртшылығы да Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын сән-салтанатымен атап өтті. Жиналған қауым Наурыз мейрамын тойлауға шын пейілмен белсене қатысты. 12 үй тігіліп, ақ дастарқан жайылып, қазақ халқының ұлттық тағамынан дәм татылды. Мерекеде ауданның шығармашылық ұжымдарының актерлері өнер көрсетті. Алаңның екінші жағында түрлі тағамдардан дәм ұсынылып, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 

Жас өрендерге – велосипед

 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Қазалыда өткен Наурыз мерекесінде  сәбиге ат қойылып, ұлттық ойындар қайтадан жаңғыртылды. Ләңгі ойынын ұйымдастырылып, жеңімпаз өрендерге велосипед сыйға тартылды. Тұсаукесер рәсімі де ұмыт қалған жоқ.

Тай көтеріп, көлік сүйреп...
 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Наурыз тойында Жалағаштың білекті жігіттері газель автокөлігін тартып, салмағы 130 кг болатын тасты және салмағы 160 кг болатын тайды көтерді. Мерекенің ең қызықты шарасы газель тарту, тай және тас көтеру сайыстары болды. Салмағы 130 кг болатын тас пен салмағы 160 кг болатын тайды аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Сенбеков еш қиналмастан көтеріп, 21 метрге дейін жүріп барды. Ал, ішінде жолаушылары бар газель автокөлігін Ақсу ауылының азаматы Дархан Бакиров 40 метрге дейін сүйреп, әділқазылардың өтініші бойынша өзі тоқтады.
 
Мереке дәмі ұсынылды
 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Наурыз мерекесінде Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде тізбектеліп тігілген киіз үйлер жанында қазан қайнап, көже пісірілді. Наурыз көжесін ұсынған мекемелер дәмнен алуға шақырды. Бір-бірін айқара құшақтаған, ақ тілектерін төгіп жатқан үлкенді-кішілі аудан тұрғындарының көңілдері қуанышқа толы. Ұлттық киім киген қыз-жігітттер аспанмен таласқан алтыбақанда тербелсе, ақ кимешекті әжелер мен шапан киген қариялар мерекенің ажарын ашты. 

Қыдыр ата елге келді

 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Шиеліде таңмен таласып тал егуден басталған Наурыз мерекесі Қыдыр атаның елге келуімен, түрлі ұлт өкілдерінің жұртты таңқалдырған өнерімен жалғасты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мерекелік шарада халықты Наурыз мерекесімен құттықтап, үздіктерді марапаттады. 15 ақ үй тігілген орталық алаңда қазақтың ұлттық дәстүрлері кеңінен насихатталып, ойындары ойналды. 

Арқан тартты, гір тасын көтерді 

 

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

 

Жаңақорған ауданы жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауда. Орталық алаңға мемлекеттік мекемелер киіз үйлер тігіп, «СКЗ-У», «Байкен-У», «Қызылқұм» ЖШС ұжымы 400-500 адамдық шатыр құрып аудан халқына наурыз көже үлестірді. Ұлттық киім киген жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашса, ертегі кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлады. Алаңда қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жігіттер арқан тартып, гір тасын көтерді. 
 
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 22 наурыз 2014 г. 10 005 0