Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында түрлі іс-шаралар өткізілді. Көктемнің алғашқы мейрамы осылайша қалың жұртты ерекше көңіл-күйге бөледі. 
Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекеге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, аяулы аруларды құттықтады.
– Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, әрбір адамға етене жақын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мәдениет салаларындағы олардың еңбегі зор. Ең бастысы, әйелдер қай салада қызмет етпесін, сол саланы дамытып, нығайтуға ерекше үлес қосып, көпшілік құрметіне бөленіп келеді. Көктемнің шұғылалы мерекесімен барша аруларды құттықтаймын. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, - деді өңір басшысы Қ.Көшербаев. Салтанатты кеште А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің шәкірттері өнер көрсетті. 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

Қызылорда. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда қаласында бірқатар мерекелік шара өткізілді. 5 наурызда Қызылжарма ауылдық клубында өтетін «Асыл ана – келінге пана» атты ене мен келін жұптары арасындағы қалалық байқау бастады. Одан кейін М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің «Жан шуағы» атты үйірмесіне қатысушы көркемөнерпаздардың мерекелік концерті, 6 наурызда С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қалалық байқау өтеді. «Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл» атты салтанатты мерекелік концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Арал. Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық мәдениет үйінде өткен «Әйел, Ана - Тіршілік» атты салтанатты жиынның шымылдығы тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі-бесік жырымен түрілді. 
Батыр аналарды «Күміс» алқамен марапатталып, түрлі салаларда еңбек ететін қыз-келіншектерге аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Кең тынысты жыршылар өсиетке толы термелер орындаса, «Ақтолқын» би ансамблі мың бұрала би билеп, көпшілік қошеметіне бөленді. Қазанғап атындағы ұлт-аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М. Сыдықов және ел мақтанышына айналған Ш. Қалдаяқовтың туындыларын орындады.

 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Қазалы. Ауданда «Ана – өмірдің шуағы» атауымен мерекелік шара өткізіліп, 4 қазалылық анаға «Күміс алқа» салтанатты түрде табысталды Одан өзге, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер «Алғыс хатпен» марапатталып, сый-сияпат жасалды. Шарада айтылған ән де, қойылған көрініс те, би де аналарымыздың құрметіне арналды.
 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл


Қармақшы. Ауданда «Әйел-әлемнің анасы» атты салтанатта ардақты аналар Қанымкүл Кәрімова, Тоты Қосназароваға «Алтын алқа», ал Зинетай Жарылқасынова мен Мөлдір Жылтыроваға «Күміс алқа» белгілері берілді. Сондай-ақ, мәдениет саласының майталмандары Бибігүлсін Раева мен Гүлнар Бадыраққа «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тапсырылды. Сондай-ақ 2013 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Қазақ аруы-2013» сұлулық байқауының бас жүлдегері, жерлесіміз Айкерім Қанатбаева қармашылық аналарға құрмет көрсетті. 

 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Жалағаш. Елдің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлерімен қатар түрлі салаларда еңбек ететін әйелдер мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Шара барысында 3 батыр аналарға алтын және 12 батыр анаға күміс алқа төс белгілерін табысталды. Сонымен қатар, ауданда Батыр аналар ансамблі концерті болды. 
 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 

Шиелі. Ана туралы әсем ән, әсерлі қойылым мен жанарыңның алдына шуақты көктемді елестететін мың бұралған би бүгінгі салтанатты шараның сәнін келтірді. Эстрада жұлдызы Бауыржан Оспановтың әндері де халықтың қошеметіне бөленді. Шара барысында түрлі салада жемісті еңбек еткен үздік әйелдер марапаттады. Жиын соңы ақ жаулықты әзиз аналарға арналған ақ дастарханға ұласты.
 

 


Жаңақорған. Аудандық мәдениет үйінде «Әлемді әнмен тербеген» атты салтанатты кеш болып өткізіліп, онда «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері марапатталды. Оған қоса еліміздің өсіп- өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген аналар мен қыз-келіншектер де осындай құрметке ие болды. Кеш «Ана» туралы әсем әнмен, мың бұрала билеген биші қыздардың биімен және көңілге қуаныш ұялатар көрініспен жалғасты. 

Ана – өмір, ана – көктем, ана – гүл

 


 

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 08 наурыз 2014 г. 60 139 0