БАЙЛЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕУ ҮШІН АҚША ӨРТЕДІ (ВИДЕО)

      

Қытайдың Аньхой провинциясында екі азамат бір-біріне байлығын дәлелдемек болып бума-бума ақша өртеді, деп хабарлайды шетелдік басылымдарға сілтеме жасаған https://baq.kz/ ақпарат агенттігі.

       Ақша өртеген екеудің бәсін тамашалаушылардың бірі видеоға түсіріп алып, артынша әлеуметтік желіде таратып жіберген. Әуелі 100 юаньды тұтатқан  байшыкештердің қанша ақшаны күлге айналдырғаны белгісіз.

      Есірген екеуді жергілікті полиция қызметі тоқтатып, ұлттық валютаны құрметтемегендері үшін әрқайсысына 160 доллар көлемінде айыппұл салды.





 


СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 07 ақпан 2018 г. 836 0