Осы аптаның жұмасында Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» ғимаратында «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді.Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысты. Шара барысында еліміздегі жетістіктер жайында әңгімеленіп, алдағы бағыт-бағдарлар жайында әңгімелер өрбіді. Патриоттық әндер шырқалды.