« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Осыдан екі жылдай бұрын Қызылорда қаласында саятшылықтан республикалық «Ең алғыр қыран–2012» турнирі өткізілген еді. Бұл шара ұлттық өнерді ұлық еткен өнегелі істің бірі болды.Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Қазақстанда саятшылыққа қайта бет бұра бастағанын айтады. Осы мақсатта арнайы федерация құрылған. Соның нәтижесінде елдің арасында құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді.
Алматы облысында «Жалайыр Шора» құсбегілік мектебі тұсауын кесті. Елімізде құсбегілік өнерді дәріптеп, оның жүйелі жұмыс жасауына «Бүркітші» және «Қыран» федерациялары ұйтқы болып отыр. Жанашыр жандардың қолдауымен ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрылды. Осының арқасында құсбегілік спорт түрінің біріне айналып, арнайы ережесі түзілді.
Алты жыл бұрын біздің бүркітшілер Англияда өткен әлемдік құсбегілер одағының дүниежүзілік фестиваліне барып қайтты. Бүгінгі күні аталмыш одаққа жер-жаһанның 80-нен астам мемлекеті мүшелікке енген.
Тарихшы-этнограф Данияр Жексенбіұлы «Рухы мықты адам қыран құстың тілін түсіне алады. Мәселен, зеңгір көкте самғайтын бүркіт рухы жоғары адамға бағынады. Әлемде құсбегілік өнерге бет бұрған жұрт баршылық.
Бір қызығы, олардың ешқайсысы біздей бүркіттің бабын біле бермейтініне көзім жетті. Қазекем аңшы құстарды үш топқа бөліп қарайды. Алғашқысына бүркіттің Алатау ақиығы, Алтай мұзбалағы, Дала және құм бүркіттері жатады.
Екіншісі, сұңқар тобына ителгі, лашын, күйкентай, тұрымтай жатқызылса, үшіншісінде қаршыға мен тұйғын бар» дейді.
Аталмыш жарыста Сыр өңірінің намысын қорғаған құсбегі Ерболат Әлиев «Соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері құсбегілік өнерге ден қойып жүрмін. Алғашқыда бүркітті қолға үйреттім, Қазір қаршыға баптап жүрмін. Шынын айту керек, бүркітті балапан кезінен баптау керек. Өкініштісі, бұл құс қазір біздің жерде ұя салмайды» деді.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |