Бизнесті не күтіп тұр?

Коронавирус дерті әлем экономикасына мықтап салқынын тигізе бастады. Сарапшылар бүгінгі ахуалды сараптан өткізіп, оның зардабы әсіресе, жаңа басталған екінші тоқсанда күрт сипат алатынын айтады. Қазір Қытай экономикасы есін жия бастады. Бірақ Еуропа елдеріндегі жағдай әлі күрделі. Оған АҚШ экономикасында орын алған дағдарысты қосыңыз.

Сол сарапшылардың пікі­рінше, әлем экономикасы, оның ішінде бизнес 2020 жылы рецессияға ұшырайды. Қа­зірдің өзінде орта және ша­ғын бизнестің жағдайы ауыр. Мемлекеттер салаға кө­мектесу бағытында көптеген шараларды қолға алды. Фран­ция үкіметі шағын және орта бизнеске жалдамалы жұ­мысшы қызметкерлерді қол­дау бағытында 45 млрд еуро бөлді. Сондай-ақ үкімет нау­рыз, сәуір айында салаға тиісті салықтық төлемдерді төлеуді кейінге қалдырды. Сонымен бірге несие төлемін шегеру үшін 300 млрд еуро бөлінді. 

Германияда осындай шара­лар қолға алынды. Қаржы министрі Олаф Шольц ком­панияларға 500 млрд бөлі­не­тінін мәлімдеді. Австрия үкіметі экономиканы қолдауға 4,4 млрд бөлуге шешім қа­былдады. Еурокомиссия пре­­зиденті Урсула фон дер Ляй­ен орта және шағын биз­несті қолдау арқылы олар­дың дағдарыстан кейінгі жұмы­сының өрге басуына ықпал жасайтынын мәлімдеді. Са­рап­шылардың пікірінше, бү­гін­гі күрделі кезеңде бөлін­ген қаржы экономиканың дағ­дарыстан кейінгі ахуалына оң­ды ықпал жасайтын болады. 

Украинаның Жоғарғы Ра­дасы кәсіпкерлердің салық ауыртпалығын жеңілдету, бұл бағыттағы пенялар мен ай­ып­тарды тоқтату туралы заң қабылдады. Бизнестің не­сие өтеуіне каникул, ұлт­тық валютаны қолдау үшін Ұлттық банк өз қорынан ин­тервенция жариялады. Бірақ Еуропа елдеріне қарағанда Ук­раинаның жағдайы біршама күрделі. Себебі қор тапшы, қаржы жетіспейді. Рада осыған орай 2021 жылдан бастап жер сатуды жүзеге асыру жөнінде заң ережелерін қабылдады. Бұл орайда бүкілхалықтық ре­ферендум жүргізілмекші. 

Коронавирустен Италия барынша зардап шекті. Үкі­мет декрет қабылдап, эконо­миканы сақтап қалу бағытында 25 млрд еуро бөлмекші. Бұған қосымша денсаулық сақтау жүйесіне 3,5 млрд еуро бө­лінеді. Банктің мемлекеттік кепілдігі бойынша бизнес пен халықтың қарызы және ипо­текалық несиелер бойын­ша өтем жасалады. Карантин салдарынан жұмыс істеу мүм­­кіндігінен айырылған ха­лық тобына арнайы төлем­дер төленеді. Сонымен бірге әлеуметтік қорғау шарала­рымен көптеген отбасылар қам­тылатын болады. 

Испания премьер-министрі Педро Санчес экономиканың тұралап қалмауы үшін 200 млрд еуро қаржы бөлетін бол­ды. Сарапшылардың атап өт­кеніндей, мұндай мемле­кеттік қолдау Франко режи­мінен кейін, яғни 50 жыл көлемінде болған емес. Үкімет басшысы мемлекет бүкіл қиындықты өз жауапкершілігіне алатынын мәлімдеді. 

Польша және Словакия мем­лекеттері тиісті шаралар қабылдауда. Словакия эконо­мика министрлігі өзін-өзі жұ­мыспен қамтылғандарға 3 ай бойы әлеуметтік және меди­циналық төлемдер төлеуді кейінге қалдырды. Жұмыс іс­тейтін азаматтардың бірі ка­рантинде болған жағдайда оған орта табысының 80 про­центі сақталатын болды. 

Эстонияда экономикалық қолдауға 2 млрд еуро бөлінеді. Бұл сарапшылардың пікірінше елдің ішкі жалпы өнімінің 8 процентін құрайды. Ел пре­мьер-министрі Юри Ратастың пікірінше, қазіргі таңда биз­несті банкроттықтан сақтап қалу саланың алдағы мерзімде жемісті еңбек етуіне негіз қа­­лайтын болады. АҚШ-та жалпы зардаптың күшін жою­­ға 6 трлн. доллар бөлуге ше­шім қа­былдады. Орасан зор қар­жының негізі шағын жә­не орта бизнеске бөлінетін бо­лады. 

Дания үкіметі жеке ком­панияларға олардың әрқай­сы­ның жалақыларын өтеуге тиісті қаржы бөлуге тапсырма берді. 

Қазір әлемде логистика, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, жа­нар-жағармай сату, туризм, қонақ үй салаларына қиын бо­лып тұр. Еуроодақ, Қытай және АҚШ әлемде жанар-жа­ғармайдың 60 процентін тұтынады. Қазір оларды сату төмендегендіктен және қызмет көрсету саласы уақытша жұ­мыстарын тоқтатқандықтан олардың табыстары 50-60 процентке төмендеді. Әуе ком­паниялары банкроттыққа ұшырауға жақындады. Бүкіл әлемдік еңбек ұйымының деректері бойынша бүкіл жұмысшы күшінің 81 проценті карантинде отыр. Тығырықтан шығудың жолы қандай? Кім, қандай шығынмен шыға­ды? Болашақта әлем эконо­ми­касы қандай бағытта да­ми­тын болады? Қазір осы сұрақтардың жауабы төңіре­гінде саясаткерлер барынша бас қатыруда. 

Сарапшылардың пікірін­ше, экономиканы сауықтыру оңайға соқпайды. Бизнес са­ласындағы, сондай-ақ жалпы экономикадағы оңды ахуал­дың нышандары 2020 жыл­дың соңына қарай байқалатын болады. Бірақ бұл орайда пі­кірлер сан алуан. Жалпы со­зылмалы рецессия 2021 жыл­дың көктеміне дейін созылуы ғажап емес. Оптимисті көз­қа­растағы сарапшылар дағда­рыстан кейін әлем эконо­номикасы 1,5-2 жылдан кейін жақсы өсіммен дамитынын болжайды. Бұл орайда әлемдік валюта – АҚШ долларына деген сенімсіздік біртіндеп жоғалады. Мемлекеттердің ва­люталарын алтынға балап бағалау негізге алынады. Ха­лықаралық валюта қорының құрылымы, мазмұны өзгереді. Бұл орайда сарапшылар Қы­­тайдың, Үндістанның, Жапо­нияның, Скандинавия елде­рінің, Ресейдің мүмкін­діктері мол екенін айтады. Әлбетте, осының барлығына уақыт төреші.

Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ,

«Сыр бойы».

Экономика 11 сәуір 2020 г. 430 0