Індет қайдан тарады? АҚШ пен Қытай бір-бірін кінәлайды

Әлемді барынша алаңдатып, экономиканы тығырыққа ті­ре­ген коронавирус дерті көп­теген елдер бойынша әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша жағдай АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Германияда, Ита­лияда ауыр сипатқа ие болып отыр. Бірақ аталған мем­лекеттер алғашқы естен тану жағдайынан арылып, біршама есін жия бастады. Бұл, ґлбетте, жақсылықтың белгісі. 

Осыдан бір-екі жыл бұрын АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршіп, ол әлем экономикасына теріс ықпалын тигізген еді. Енді сауда соғысы коронавирус дертіне байланысты екіжақты дауға ұласты. Кім кінәлі? Кім таратты? Әңгіме осы сауалдың төңірегінде болып отыр. Бірақ әлемдік сарапшылардың пікі­рінше, бұл сауалға толық­қанды жауап беру үшін бұлтарт­пай­тын дәлел керек. Бірақ ондай дәлел әзірге ешкімде жоқ. Мәселенің нақтысына келейік.

Осыдан тура бір апта бұрын Ресейдің «Воскресный вечер с Соловьевым» деген хабарына Американың бел­­гілі қоғам қайраткері Ариэль Коэн қатысты. Теле­жүр­гізушінің сауалына ол бы­лайша жауап берді. Қазіргі таңда АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны едә­уір артты. Әлемде оған шал­дыққан адамдардың 5 проценті Нью-Йорк қала­сында шоғырланған. Коэн өзінің АҚШ-та 1987 жылдан бері тұратынын, содан бері халықтың соншалықты абыр­жығанын бірінші рет көріп отырғанын ай­тады. Тіпті АҚШ-та 2000-жылдардың басында ғимараттарға ұшақ­пен соқтығысқан теракт кезінде мұндай абыр­жу­шы­лық ұзаққа созылмаған. Қазір Америкада қоғамдық тамақтандыру орындары, қонақ үйлер, басқа да қо­ғам­­дық орындар жабық. АҚШ жаңа дәуірінде үлкен проблемаға тап болды. Госпи­тальдар жетіспейді. Ме­дицина қызметкерлері тапшы. Жағдай бір ай ша­масында жобаға келмесе, американдықтардың 30 про­центі жұмыссыздар қатарына қосылады.

Коэн Америка билігі ін­детті таратушы Қытай екенін айтады және оларды айыптайды. Бірақ әңгіме қазір оған тіреліп тұрған жоқ. Біз індетке дайын болмай шықтық. Айталық, өткен жылдың қыр­күйек айында АҚШ бар­лау органдары белгісіз жұқ­палы дерттің Қытайда пайда болғанын айтып, президентті оған дайын болу керектігін ескерткен болатын. Не болып шықты? Ешқандай шара қолданылмады. Бұл орайда демократтар мен респуб­ликашылдар өзара дау­ласты. Трамп бұрынғы сая­сатын жалғастырып, Иранға, Қытайға, Ресейге санк­ция­ларын жалғастырды. Ол «Қы­тайдың тұмауы» дегеннен бас­қаға бармады. Жайбырақат отыра берді.

Қазір Трамп АҚШ-та бұл індет 200 мың адамның өмірін жалмаса бұл қалыпты жағдай деп бағалайтынын мәлімдеді. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ деп санайтын капиталистік дү­ние басшысы осылай деді. Мәсе­ленің шындығы мынада. Ел медицинасы мұндай дертті емдеуге дайын болмай шықты. Себебі капиталистік дүниеде мемлекеттік жұмылдыру да­йын­дығы өте әлсіз дамы­ған. Медицинаның дені биз­­нес­­мендердің қолында. Ме­­дицина қызметкерлерінің бар­лығы жоғары жалақы алға­нымен, ол Американың орта табы үшін көп ақша емес. Айлықтан айлыққа дейін шықпа, жаным, шықпамен өмір сүреді. Тыныш уақытта госпитальдар бос болады. Онда емделу ақысы тым қымбаттығынан көп тұрғындардың ем алуға жағ­дайы келе бермейді. Ме­ди­цина бизнестің қо­лында болғандықтан олар ар­найы қоймада дәрі-дәрмек қорын сақтай бермейді. Себебі ол – шығын. Дерт бас­тал­ғалы арнайы маскалар, қон­­дырғылар жетіспеді. Бұл орай­да кешегі Кеңес  Ода­ғы­нан қалған мол тәжірибесі бар Ресей жоғары жұмылдыру бел­сенділігін көрсетті.

АҚШ-та тіпті мұндай жағ­дайда медицина кадрлары жетіспейді. Немқұрайлы қа­рағаны соншалық, меди­цина ұйымдары барлау қыз­меттерінің деректерін жоққа шығаруға тырысты. Қазір АҚШ-та орта медицина қыз­мет­керлерінің дені Ираннан, Сингапурдан келгендер.

Жағдайдың ушығуына АҚШ бұқаралық ақпарат құ­ралдары «өз үлестерін» қосты. Тіпті олар мұндай жағдай Қытай сияқты тота­литарлық режимде болады деп бөсті. Бұл шын мәнінде қате пікір болатын. Қытай желтоқсаннан бастап бүкіл ел болып дертпен арпалысты. Жұмылдырудың үлкен ау­қымын көрсетті. Сарап­шы­лардың пікірінше, Қытай эко­номикасы 2020 жыл­ды жақсы жағдай қалып­тасса 2,3 процент өсіммен, егер жағдай ушығатын болса, 0,1 процент өсіммен қоры­тын­дылайтын болады.

Қытайда бұрын карантин жарияланған қалалар енді ашыла бастады. Ел то­лық бақылауда. Халық тіпті серуенге шығуда. Ал кері­сін­ше, Америкада жағдай бас­қаша болып шықты. Президент Трамп қосымша төтенше шараларды 30 сә­уір­ге дейін ұзартып отыр. Ел қа­зынасынан 2 трлн доллар бөлді. Американың сыртқы қарызы орасан зор. Ол тағы да қарызға  батып жатыр. Тұтыну рыногына станокпен басып шығарылған долларлар баға қымбатшылығына әкеп соқпай ма? Ол қаншалықты тиімділік береді? Бұл енді уақыт еншісіндегі шаруа.

Енді дерттің таралуына қатысты мәселеге келейік. Әлемде көпшілік дерттің өзінен өзі пайда болмайтынын айтады. Бірқатар шетелдік басылымдарда оның Қытайда жарқанаттан адамға тікелей жұғатынын дәлелдеген мақа­лалар жариялаған. Сол басы­лымдарда АҚШ-тың Сол­түстік Королина универ­ситеті мен Уханьдағы биологиялық институт ғалымдары тә­жі­рибені бірлесіп жүргізгені айтылған. Міне, бұл орайда айтатын болсақ, оған кінәлі­лерді біржақты іздеудің қисыны келмейді. Өмірдің өзі зерттеу, тәжірибе алмасу, осы арқылы сабақ алып, алға жылжу екенін түсінсек, адам­затқа беймәлім сырлар әлі көп. Қазір орын алған әлемдік дертке байланысты өзара дау-дамайды қойып, ғалымдардың пікіріне құлақ асу барынша маңызды деген пікірлер жиі айтылуда. Тіпті бұл орайда Бүкіл дүниежүзілік ұйымға бұрын бөлінген қаржылардың ауаға сіңгендей жоқ болып кетуі тағы алаңдаушылық туғызады. Демек, әлемнің бүкіл жүйесін коррупция жайлаған сыңайлы.

Бұл, әрине, әңгіменің бас­қа тақырыбына жатады. Кеше ғана АҚШ пен Ресей прези­денттері Трамп пен Путин телефон арқылы сөй­лесіп, әлемде қалыптасқан жағдайды бірлесіп шешудің жолдары бойынша пікірлер жақындығын байқатты. Бұл енді позитивті нышан болып табылады.

Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ,

«Сыр бойы».

Экономика 04 сәуір 2020 г. 621 0