Әлеуметтік төлем төлеу тәртіптері өзгерді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, төлем алатындар қатары артты. Бұрын айына 42,5 мың теңге әлеуметтік төлемге алатындар қатарына жаңа санаттар қосылды. Бұл субъектілері жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын адамдар, сондай-ақ карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшылары», - дейді Дәурен Абаев Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.
Сондай-ақ, ол бұдан былай төлем алу үшін төтенше жағдайға байланысты жалақыдан айырылып қалғанын растайтын құжаттарды жинау қажеттілігі жоқ екенін айтты.
«Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдай және бірыңғай жинақтық төлем жасаушылар өздері өтініш беретін. Жұмыс берушілер жұмысшылары төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын растайтын құжат ұсынып, жұмысшыларының тізімін және жалақысы сақталмаған еңбек демалысына шығару туралы бұйрығын көрсетуі керек болатын. Жаңа ереже бойынша, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын растайтын құжат талап етілмейді. Әлеуметтік төлем берілуі үшін жұмыс беруші жұмысшыларының тізімі бар өтініш береді. Ал жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем жасайтындар жеке мәліметтері жазылған өтініш қана береді. Жұмысшы бұл өтінішті өзі де жаза алады. Құжатты Электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі» - деп толықтырды министр.
Нақты тоқтала кетсек, т өлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қажетті қатысу мерзімі қысқартылды. Бұрын төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде соңғы 12 ай ішінде кем дегенде 3 ай қатысу талап етілетін.
Енді, егер қызметкер (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚК үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасаған болса, әлеуметтік төлемдер тағайындауға жеткілікті. МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұл автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.