« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ертең күллі әлем жұртшылығы сияқты Қазақстан да жаңа 2020 жылға қадам басқалы отыр. Бұл орайда сан түрлі оқиғаларға толы болған өтіп бара жатқан жыл туралы не айтуға болады?
Демократиялық ұстанымға табиғатынан жақын ел Президенті біршама оңды қадамдар жасағанын атап өтуіміз керек. Халықты әлеуметтік қолдау бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылды. Көпбалалы аналарға бюджеттен қаржы бөлінді, олардың мұң-мұқтажы ескерілді. Әлеуметтік атаулы көмек қазақстандықтардың едәуір бөлігін қамтыды. Дегенмен, аталған көмек әлі де нақтылықты қажет ететіндіктен 2020 жылы оған түбегейлі өзгеріс енгізілетін болады. Олардың нақты параметрлерін оқырман қауым бұқаралық ақпарат құралдарынан хабардар болғандықтан, егжей-тегжейлі тоқталып өткенді жөн көрмедім.
Иә, 2020 жыл бізді қандай жаңалықтармен күтіп тұр? Барлық түйткіл экономиканың жай-күйіне байланысты. Басқа салаларда аздаған өзгеріс барлығына қарамастан, Қазақстан бюджеті 2020 жылы негізінен мұнай бағасына иек артатын болады. Алдағы үш жыл ішінде шамамен Қазақстанда жыл сайын 90-91 млн тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Оның бағасы Үкімет болжамы бойынша барреліне 55 доллар шамасында. Бұл орайда кейбір сарапшылар мұның пессимистік болжаммен алынғанын, яғни төменгі бағамен белгіленгенін айтады.
2023 жылы Қазақстанда 100 млн тонна мұнай өндіру болжанып отыр. Егер алдағы жылдары әлемдік баға қолайлы болса, экономикаға қосымша қаржы түседі.
Мұнай демекші, осыған байланысты ОПЕК және оған енбейтін елдер арасындағы мәміле туралы да айтпай кетуге болмас. Олардың келісімі бойынша әлемде мұнай өндіру көлемін 2020 жылдың наурыз айына дейін тәулігіне 1,2 млн баррельге төмендетуге шектеу қойылды. Осы есеппен алғанда, баға көтерілуге тиіс. Бұл – әлбетте, Қазақстан үшін қолайлы.
2020 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,1 процент көлемінде болжануда. 2022 жылға қарай ол шамамен 4,4 процент көлемінде болмақ. Қысқасы, Қазақстанның 3 жылдық бюджетін жоспарлағанда осындай цифрлар негізге алынды. Бірақ, болжамның аты – болжам. Оның нақтылығын алдағы өмір көрсететін болады.
Үкімет алдағы жылдары бюджеттің шығынын бұрынғы жылдармен салыстырғанда, бар болғаны 3 процент өсіммен жоспарлап отыр. Бұл нені көрсетеді? «Арық сөйлеп, семіз шыққанды» білдіре ме, әлде басқалай құпиялар бар ма? Құпия дейтініміз, Қазақстанда қалыптасқан сыртқы қарыз көлемі біршама алаңдатады. Біз оның 2020-2022 жылдары қаншасы өтелетінін, бюджетке бұл орайда қаншалықты салмақ түсіп отырғанын білмейміз. Ал қарыз әрдайым өтелуге тиіс.
2020 жылы Қазақстан бюджетінің табысы трансферттерді есептемегенде, 7,9 трлн теңге болады деп күтілуде. Егер оның 2019 жылмен салыстырғанда 14 процентке жуық жоғары екенін ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Жетпейтін ақшаны кәдімгідей Ұлттық қордан ала салатынымыз белгілі. Бірақ Президент осы жолы өте сақтық танытып отырғанын сездірді. Ұлттық қордан ақша оңды-солды жұмсалмайды. Ең бастысы, экономика өз күшімен жұмыс атқаруы тиіс. Ақша тарату үрдісіне тосқауыл қойылып, индустриялық жобаларды қаржыландыруға қатысты көзқарас өзгереді.
Сонымен бірге Президент екінші дәрежелі банктердің халыққа несие беруге қатысты тетіктерін қатайтуға тапсырма берді. Шаралар қазір қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл ең алдымен әлі де түсінігі бұлынғыр қалың жұртшылыққа керек шектеу деп ойлаймын.
Әзірге 2020 жылға арналған Қазақстан бюджетінің бұрынғыдан негізгі өзгешілігі осындай. Жыл барысында болатын жаңалықтарды біз газет оқырмандарына тұрақты жеткізіп отыратын боламыз.
Ж.ӘЛМАХАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |