Бизнес сенімді қорғауда

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын бизнес ерекше роль атқарады. Себебі, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі арта бермек. Біздегі қарқын да қуантарлық.
Жаппай кәсіпкерлікті қол­дауға бағытталған то­­лассыз ша­ра нәтиже бе­ру­де. Бизнес се­німді қор­ғауда, кәсіпкер құ­қы­ғының тапталуына жол бе­ріл­ме­ген. Мәселен, биыл бір ғана облыстық кәсіпкерлер па­латасының көмегімен кә­сіп­керлердің 208 млн тең­гесі еш кетпеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының ди­ректоры Ғалымбек Жақсы­лықов бұ­қаралық ақпарат құ­рал­да­рымен өткізілген кезекті бас­пасөз мәслихатында хабарлады.
Жиында Ғалымбек Жақ­сы­лық­ұлы палата құрылған сәт­­тен бастап, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1481 өтініш түскенін айтты. Қоры­тын­ды­сында 50-ден ас­там тұлға  жауап­кершілікке, оның 11-і әкім­шілік жауапкер­шілікке тар­тылған.
– Өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд 136 млн теңгеден астам қаражаты сақталып қалды. Аталған сома күші жойыл­ған айыппұлдар, өсім­пұл­дар­дан, мемлекет тарапынан қайтарылған қа­ражат есе­бінен, сақталып қалған биз­нес мүлкінің құ­нынан құ­ралып отыр. Ал, 9 айдың көр­сет­кіштеріне тоқ­талсақ, кәсіп­керлерден 222 өтініш түсіп, оның 72-сі немесе 32 про­цен­ті оң шешімін тапты. Нә­ти­жесінде бизнес өкіл­дері 208 млн теңгеден аса қаржысын сақтап қалды. Қаржының 73 проценті орта кәсіпкерлік субъек­тілеріне, 27-сі шағын бизнеске тиесілі, – деді ол.
Бұдан бөлек, палата бас­­шысы 2015 жылмен са­лыс­тыр­ғанда 2018 жылы кәсіпкер­лер­дің жұмыс жасауына кедергі жасаған мемлекеттік қызмет­кер­­лер­дің саны 3,8 есеге артқа­нын ортаға салды. 2015 жылы кәсіпкерлердің жұ­мыс жасауына кедергі жа­саған 5 мемлекеттік қыз­меткер тәр­тіптік жауап­кершілікке тар­тылса, 2018 жылдың қо­ры­­­­тындысымен ол 19-ға өс­­кен. Ал, биыл облыс­тың 8 мемлекеттік қыз­меткеріне тәр­тіптік ша­ра қолданылған. Өзекті мә­селе турасында кә­сіп­­кер­­лердің құқықтарын қор­­ғау және сыбайлас жем­­­қор­лыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі кеңес төр­ағасы Болат Нұрхожаев пі­­кір білдіріп, атқарылған жұ­мыс­­тар­дың әр уақытта сараланып, оның қоры­тын­дысында тиісті ша­ра­лардың қолға алынып отыр­ғанын жеткізді.
Спикерлер әкімшілік кедергілерді азай­ту, бизнес өкілдерін құ­қық­тық қолдау бағытында қа­былданған ша­раларға да тоқталды. Олар­­дың ішінде Қа­зақстан кәсіп­кер­лерінің құ­қық­та­рын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палым­бетовтің облыс әкімімен бірге қабыл­даған 8 тармақтан тұратын арнайы «Жол картасы» да бар.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
"Сыр бойы".
Экономика 27 қазан 2019 г. 2 772 0