Қазақстан экономикасы: қандай салалар жетекші орын алады?

Қазақстан экономикасының шикізат секторы әлемдегі сұраныс пен оны реттейтін ұйымдармен жасалған келісімдерге сәйкес үйлесімді қызмет атқаруда. Бюджеттің негізгі кірісі саналатын мұнай бұл орайда экономиканы ілгері сүйрейтін индикатордың біріне айналып отыр.

Қазақстан жыл соңына дейін 90 млн тоннадан астам мұнай өндіретін болады. Бел­гіленген болжам да, нақты мүм­кіндік те осы көрсеткіштің шамасын құрайды. Сонымен бірге шикізат секторында қалып­тасқан баға Қазақстан бюд­жетінің жыл соңына дейін, тіпті 2020 жылдың ал­ғашқы тоқсанында кіріс бойынша ешқандай алаңдамай қабыл­данған міндеттемелерді орындауына негіз қалайды.

Қазақстанда жылдық инфляция белгі­лен­ген дәлізде сақталады деген болжам бар. Ол шамамен 5-7 процент құрайтын болады.

Елімізде үсті­мізде­гі жыл­­дың 8 айында инвес­ти­ция­­­лардың өсімі 10,7 про­центті құрады. Ең жоғары ин­вестициялық өсім ауыл шаруа­шылығында, құрылыс пен саудада жəне өнеркəсіпте байқалды. Сонымен қатар өнер­кəсіп өндірісінің өсімі 3,2 процентке дейін артты. Өсу қарқындары бойын­ша өңдеу өнеркəсібі кен өн­діру өнеркəсібінен озық келеді. Оның ішінде машина жасау, жеңіл өнеркəсіп, сусындар өндіру, фармацевтика салалары көш ілгері тұр. Қазақстанда, әсіресе, көп жылдардан бері «бұғып жат­қан» жеңіл өнеркәсіп сала­сының «ұйқыдан оянуы» жақсылықтың нышаны ретінде аталуда. Оның қатарында Қызылорда облысында тәуір көрсеткіштер қалыптасты.

Кен өндіру өнеркəсібінде негізінен металл кенін жəне мұнай өндіруді ұлғайту есе­бінен өсу қарқыны 3,1 процентке дейін артты. Елдегі құрылыс секторы тұрақты қар­қынмен дамып келеді. Орын­далған жұмыстардың көлемі 11,8 процентке өсті. Өнеркəсіп объектілерінің құры­лысы, автомобиль жолдарын, газ құбырларын салу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ ірі зауыттарда құрылыс-монтаж­дау жұмыстары да уақытында атқарылған.

Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,6%-ке, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 3,9%, мал шаруашылығы 3,5%-ке ұлғайды.

Экономиканың нақты сек­­торындағы іскерлік бел­сен­ділік қызмет көрсету сала­сы­ның өсуімен үйлесім тапты. Өсім 4,3 процентті құрады. Сыртқы сауда айналымы 53,8 млрд АҚШ долларына дейін ұл­ғайды. Экспорт көлемі 32,9 млрд АҚШ долларын құрады. Импорт 20,9 млрд долларға жетті.

Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсеткіш бойынша 9%-ке өсті. Жылдық азық-түлік инфляциясының шамамен 60 проценті азық-түліктің кейбір түрлеріне, яғни – еттің 12,8%-ке, нан-тоқаш өнімдерінің жəне жарманың 12,6%-ке қымбаттауына бай­ланысты болып отыр. Олар­дың инфляцияға үлесі 1 процентті құрады.

Үстіміздегі жылдың 8 айында респуб­ликалық бюджетке 4 трлн 363 млрд теңге кіріс түсті. 2018 жылғы 8 ай­­мен салыстырғанда кіріс 118,1 процент құрады. Кіріс не­­гізінен салықтың есебі­нен қа­лыптасты. Салықтардың өсуі­не салық­тық-кедендік əкім­­­ші­­лендірудің жақсаруы мен экономикадағы өсім ық­пал жасады.

Қорыта айтқанда, Қазақ­стан экономи­касының негізгі са­ла­ла­рында қалыптасқан ахуал 2019 жылды оптимистік жағ­дайда қо­рытындылауға мүм­кін­дік береді.

Ж.ӘЛМАХАН.

Экономика 26 қыркүйек 2019 г. 959 0