« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда елдің экономикалық әлеуетін арттырудың негізгі жолы инвестиция, бұл әлемдегі бүгін қалыптасып отырған ала-құлалық жағдайында аса маңызды индикатор болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарынан бергі уақытта оның даму барысында инвестицияның айтарлықтай үлесі болды. Ал кешегі Жолдауда Президент негізгі басымдықтар қатарында шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялар тарту маңызды екенін тағы да баса айтқаны мәлім. Осы орайда бірқатар деректерді алға тартқымыз келеді.
Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде әлемнің 120-дан астам елінен 330 млрд АҚШ доллар инвестиция тартылды. Инвестициялардың негізгі бөлігінің жартысынан астамы Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі, оның ішінде: Швейцария – 25,8 млрд, Франция – 16,1 млрд, Италия – 8,7 млрд, Нидерланд – 90,4 млрд, Бельгия – 7,6 млрд, Германия – 5,2 млрд, Америка Құрама Штаттарына тікелей шетелдік инвестициялардың 15%-і немесе 48,4 млрд доллардан келеді. Шамамен 5%-і Ұлыбритания мен Қытай инвестицияларынан тұрады.
Қазір Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен 19 мың заңды тұлға және бөлімше жұмыс істейді екен. Олардың ішінде кәсіпорындардың үштен бірі ресейлік, қалғандары түрік, өзбек, қытай, неміс капиталының қатысуымен құрылған.
2010 жылдан бері шетелдік инвестициялар бойынша қазақстандық өкілетті органдар 650-ге жуық жобаны қарастырды. Оның ішінде Еуропалық одақ елдерінің инвесторлары ұсынған жоба саны – 185, Ресей Федерациясы – 111, Түркия – 80 және ҚХР 55 жоба ұсынған. Бұл орайда басымдық заманауи технологиялардың трансфертін қамтамасыз ететін, барынша көп жұмыс орындары құрылатын жоғары технологиялы жобаларға берілді. Осы кезеңде 16,2 млрд долларға 235 жоба іске асырылды. Оның 133-ін Еуропалық Одақ пен Ресей жүзеге асырған.
Сарапшылар пікірінше, әлемдегі тұрақсыздық пен санкциялық қарсылық кезінде инвесторлар инвестициялық ахуалы тұрақты елдерді таңдайды. Әрбір ел өзінің инвестициялық рейтингін көтеруге тырысады, себебі елге капитал ғана емес, жаңа заманауи технологиялар да келеді.
Қазақстанда Қытай жобаларына қатысты алыпқашпа әңгіме көп. Бірақ сарапшылар пікірінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы 55 инвестициялық жобаның біреуіне ғана мемлекеттік кепілдік берілген. Ол – астанадағы жеңіл рельсті трамвай салу жобасы. Басқаларының барлығы жекеменшік жобалар. Мәселен, «Сарыарқа автопром» жобасы компаниялардың өзара келісіміне сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл жоба көлік шығарып, оны көршілес Ресейге және басқа да елдерге экспорттауға арналған.
Жуырда Абу-Дабиде мұнай экспорттаушы елдердің басқосуы болып, әлемдік мұнай рыногындағы бүгінгі ахуал талқыланды. АҚШ пен Қытай арасындағы өзара сауда текетіресі әлем экономикасының баяулауын тездетеді. Осыған орай мұнай рыногында бүгінгі қалыптасқан тұрақтылықты сақтау маңызды деп атап көрсетілді оған қатысушылар тарапынан. Мұнайдың барреліне 60 доллар бұл көптеген елдер бюджеті үшін тиімді баға. Қазір осы бағаны сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Күні кеше өткен Мәскеу экономикалық форумында белгілі сарапшылар Ресей Федерациясының ішкі жалпы өнімінің өсімі 2019 жылы 1 процент, 2020 жылы 1,3 процент құрайтынын мәлімдеді. Қазақстанда 2019 жылы өсім 4 процент көлемінде болжанып отыр. Осының барлығы әлемді тұтастай алғанда жағдайдың әлі күрделі екенін айғақтайды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |