Британдықтар үкімет көрсеткішіне күмәнмен қарайды

 Әлем экономикасындағы соң­ғы жылдары болып жатқан қарама-қайшылықтар британ экономикасына да кері ықпалын ти­гізе бастады. Статистикалық мәлі­меттер бойынша өткен жылы елде жұмыссыз­дық деңгейі 4 процент құраған. Бірақ, сарапшылар пікірінше, бұл дерек шындыққа жанаспайды. Әлемнің бесінші экономикасы саналып отыр­ған Ұлыбританияда қазіргі таңда жұмыссыздық ресми деректен анағұрлым жоғары.

Ел экономикасы негізінен қар­жы және қызмет көрсету саласына бейімделген. Ал, жұмыс орнын құ­ратын өнеркәсіп орындары жаңа жұмыс орындарын құрудың басты көзі болғанымен, бұл салада әзірге оң өзгерістер байқалмайды.

***

АҚШ экономикасындағы 

ахуал

Соңғы жаңалықтарға қарағанда АҚШ Президенті Д.Трамп Қытаймен арадағы текетіресте аспан асты елдің сауда талаптарына қатысты мәмілеге келе алмайтынын мәлімдеді. Америка президенті жуырда бұл мәселенің  маусым айының со­ңында әлемдегі 20 озық елдің бас­­шылары бас қосатын жиында ше­шілетінін айтқан болатын. Арада бірнеше күн өткенде Трамп бұл ойынан айныды. Сонымен екі ел арасындағы сауда текетіресі немен аяқталады? Бұдан кім ұтылып, кім ұтады? Әзірге бұл сауалдардың нақты жауабы жоқ.

Сарапшылардың пікі­рін­ше, жал­­­пы екі алыптың арасындағы сау­да текетіресі әлем экономикасына, әсіресе дамыған экономикасы бар елдерге кері ықпалын тигізеді. Болжамдар бойынша үстіміздегі жылдың қорытындысында әлем экономикасындағы жалпы өсім 1,5-2 проценттен аспайтын сыңайлы.

Ж.ӘЛМАХАН.

Экономика 01 маусым 2019 г. 832 0