« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімінің есепті кездесуінде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі шет қалмады. Бизнесті дамытуға, оның ішінде стартап жобалар үшін несиелік ресурстарға қолжетімділік айтарлықтай жеңілдетілгені айтылды. Расында, қазір аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде облыста бірқатар жоба жүзеге асқан. Ал, өткен жылдың есте қаларлық елеулі оқиғасы ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясын табыс етуін айтуға болады. 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы болып жарияланып, әзірленген кешенді жоспар да алғашқы нәтижесін берді.
Иә, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» да төртінші міндет ретінде шағын несие беруді көбейту тапсырылғаны бізде кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін көрсетеді. Өйткені, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайды. Соның арқасында ауыл кәсіпкерлері бизнестің ең биік баспалдағына өрлей бермек.
Нұрлыбай ҰЛЫҚПАНҰЛЫ,
ауыл шаруашылығы
саласының ардагері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |