« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Мемлекет басшысының «Парыз – 2018» сыйлығының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясының қола жүлдесін «Ру-6» мекемесі жеңіп алды.
Осыдан 35 жыл бұрын КСРО жалпы машина жасау министрлігінің бұйрығымен Шиелі кентінде «РУ-6» атты уран өндіретін кәсіпорын құрылды. Сол жылдан бастап өндіріс орны «Қарамұрын» кен орнындағы уранды өнеркәсіптік мақсатта өндіре бастайды. «Кен басқармасы-6» ЖШС 1997 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрамында. Бүгінде «РУ-6» ЖШС «Солтүстік Қарамұрын» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарында уранды жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіріп, өңдеу жүргізеді. Зерттеулер бойынша, бұл әдіс уранның экологиялық тұрғыда таза өндірілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, компания осы жылдар ішінде металл өндірісін, құрылыс базасын және заманауи автопарк қалыптастырып, коммуникация, энергетика және коммуналдық қызметтерді де қатар дамыта бастаған. Бүгінде «РУ-6» ЖШС өндірістік әлеуеті жоғары, бірегей технологияларға, қуатты өндірістік базаға, жоғары білікті мамандарға ие компания. Өзінің еңбек жолын осы өндірісте бастаған жүздеген маман қазір ел бойынша Ұлттық атом компаниясының түрлі кәсіпорындарында табысты еңбек етуде.
А.НҰРТАЙҚЫЗЫ.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |