ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

Елбасы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» атты Жолдауында қоғам өмірінің барлық саласы бойынша он міндетті нақтылап берді.

Жаңа ғасыр басында төрт­күл дүние табиғи қазба байлықтардың сарқыла баста­ғанын сезді. Мұнай қорының өзі еселеп кеміді. Әлем бойынша өзге де қорлар сарқылып келеді. Бұл – табиғи заңдылық. Демек, адамзат баласы тұтыну тауарларының барлық түрін ауыстыра алатын жаңа көздер іздей бастайды. «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесінде «таза» баламалы энергия мәселесінің қозғалуы – соның жарқын мысалының бірі. Елбасының ішкі мүмкіндіктерді ескере отырып, ұзақ және қысқа мерзімді стратегиялық жоспарларын ұсыну себебін осыдан іздеуіміз керек.

Облыс аумағында «ЭКСПО-2017» Халықаралық маман­дандырылған көрмесінде ұсы­нылған 7 технологияны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде: 

атом өнеркәсібі - 4 технология («Қызылқұм» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС);

экология саласында - 2 технология («Барсакелмес» қорығы, орман шаруашылығы);

тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы саласында - 1 технология (КРЭК).

Қазіргі таңда Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі австриялық «СаниБак» (SunnyBAG) компаниясының пи­­лот­тық жоба ретінде Күн сәу­лесімен қуаттанатын рюкзак­тарының – 10 данасын (1 данасы 23,4 мың теңге) сатып алып, қызмет бары­сында пайдалануда. Сонымен қатар, «Барсакелмес» қорығы жануарлардың жүрген жерлерін анықтайтын Англияда шығарылған  электронды қарғы-бауларды сатып алуды жоспарлап отыр. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» тарапынан республикалық бюджеттен 20 қарғыбау сатып алу үшін ҚР Қаржы министрлігіне 2019 жылға тиісті бюджеттік тапсырыс берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық ша­­руа­­шылығы саласында «Қы­зыл­­орда электр тарату тораптары компаниясы» «Смард Грид» таза өндіріс технологиясын ен­гізу мақсатында «Siemens» өкіл­дігімен 2018 жылдың ақпан айында меморандумға отырды.

Атап өту қажет, жобаны қаржыландыруды Еуразия Даму Банкі арқылы жүргізілу жос­парланған. Осыған орай, техни­калық тапсырма әзірленуде (аяқталу мерзімі - ү.ж. қазан айы). Техникалық тапсырма әзірленгеннен кейін, тендерлік процестер басталады. Сонымен қатар, атом өнеркәсібі саласында финдық «Энергия үнемдеу жүйесі» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 7 желтоқсанда «РУ-6» ЖШС мен алматылық «Дельта ЭНГ» (Delta Eng) компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі күні «Дельта ЭНГ» компаниясы аталған технологияны  Қазақстанда қолдану үшін рұқсат-патент алу процестерін жүргізуде. Сондай-ақ, «Бай­кен-U» ЖШС финдық «Econet» компаниясының «Ағын­ды суларды кешенді тазалау» технологиясын енгізу мақ­са­тында егжей-текжейлі тал­дау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бұл тех­нологияның экономикалық тұр­ғыдан тиімсіз болуына байланысты енгізуден бас тартты.

«Хорасан» серіктестігі фин­дық «ПоларСол» (PolarSol) ком­паниясының «Жылуды интел­лектуалды басқару жүй­е­сі» технологиясын сатып алу үшін тиісті келісім жобасы әзірленді. Қазір келісім жо­басы екі жақ тараппен қарас­тырылып жатыр. Мұнан өзге, «Семізбай-U» серіктестігі Гелиоколлекторларды қолданатын  гелиоқазандықтарды сатып алып, Иіркөл мен Семізбай кеніш­терінде қолдануды жоспарлап отыр. Гелиоқазандықтардың құ­ры­­лысын жүргізу үшін жоба сме­талық құжаттарды да­йындауға «ИВТ» серіктес­тігімен  келісімге қол қойылды.

Облыс бойынша мұнай көлемінің азаюына қарамастан, әртараптандыруды қолға алу  нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде өсім 2014 жылдан бері сақталып келеді. Сыр жұртшылығын елеңдеткен жа­ғымды жаңалық шыны зауы­тының құрылысы да аяқталуға жақындады. Сондай-ақ, кальций­лендірілген сода мен қор­ғасын-мырыш өндірістерінің құрылысы қолға алынса, тампонажды  цемент және шыны зауыттары іске қосылмақ. Балық өңдеуде де жаңа технологиялар қолданылады.

Жаңа инновациялық техноло­гияларды елге әкелу мен тә­жіри­бе алмасу мақсатында жыл басынан бері  16 роуд-шоу ұйым­дастырылды. Со­ның негі­зін­де аймақта шет ел­дерге 7 сапар ұйым­дастырылып, біздің об­лыс­қа 9 мәрте шетелдік өкілдер келді.

Жолдауда жүктелген мін­деттерді орындау бағытында ІІІ халықаралық интернет-форум өтті. Оған Ресей, Қытай, Беларусь, Татарстан елдерінің білікті сарапшылары қатысып, өз ой-тәжірибелерін ортаға  салды.

Атқарылған жұмыстар нә­тижесінде 2018 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 106,2 млрд теңге болып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ке өсті. Оның ішінде индустриялық жобаларды (шыны, цемент, балық өңдеу зауыттары) іске асыру нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 10,2 млрд теңге құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайды.

Сыртқы инвестицияның кө­лемі 32,0 млрд теңге болса, өт­кен жылдың ұқсас кезеңімен са­лыстырғанда 1,8 есеге өсті (2017 жылғы 7 айы – 17,2 млрд теңге). Осы жылдың қараша айында дәс­түр­ге айналған Халықаралық Х «Байқоңыр-Инвест» инвес­ти­ция­лық форумын өткізу жоспарда тұр.

Елбасы Жолдауда «цифр­лық дәуір» өнеркәсібін қалып­тас­­­­­тыруға арналған ин­дус­трия­­­­­­ландырудың үшінші бес­­­­­жыл­­­ды­ғын әзірлеуге кірісу ке­рек­­­­тігін баса атап өткені белгілі. Мұның алғышарттары бүгіннен жа­­­салып жатыр. Мемлекеттік «Цифр­лық Қазақ­стан» және «Smart city» тұ­жырымдамасы ая­­сында үсті­міздегі жылға жос­пар­­­ланған 50 жобаның 37-сі  іске асырылады. Оның құны 2,4 млрд теңгені құрайды. Бұ­ған қоса Қызылорда облысы «Ақыл­ды бағыт» жобасы бойын­ша пи­лоттық аймақ ретінде таң­далып алынып отыр.

Ринат СҰЛТАНГЕРЕЕВ,

облыстық индустриялық-инновациялық

 даму басқармасының

басшысы.

Экономика 08 қыркүйек 2018 г. 936 0