« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2018 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі қазақстандықтардың жалақысының өсу көрсеткіші және жалпы жұмыссыздық деңгейі туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
"Еңбек нарығында тұрақтылық сақталып тұр. Ағымдағы жылдың басынан бері 134,8 тыс адам жұмыспен қамтылды. Осы жылдың сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, 4,9% құрап отыр. Ағымдағы жылдың басынан бері жалақы мөлшерінің нақты өсімі байқалады. Ол 1,2% пайызды құрады. Қаңтар-сәуір айларында орташа жалақы көлемі 152,3 теңгеге жетті", - деді министр Үкімет отырысында.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында ішкі жалпы өнім өсімі 3,8% құраған.
"Жалпы алғанда экономиканың өсімі инфляциялық қысымның төмендеуі және жоғары инвестициялық белсенділікпен байланысты болып тұр. Жыл басынан бергі инфляция 2,2%, құрады, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырсақ 0,5%-ға төменірек. Жылдық инфляция мөлшері 6,5% құрады. Инфляцияны жаңа қаржылық деңгейде ұстап тұру көзделуде", - деді Тимур Сүлейменов.
Ведомство басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 1 мамырына сәйкес елдің халықаралық қоры 1,8% ден 90,7 млрд долларға дейін молайған. Алтын-валюта қорлары 3,4 %-ға өсіп, Ұлттық қордың активтері 0,9%- ға өскен.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |